+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
Өскемен қаласының жас құтқарушылары мен өрт сөндіру мектептерінің командалары арасында Қазақстандағы Балалар жылына арналған жарыстардың БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ
Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бірлесіп 2022 жылғы 19 мамырда Өскемен қаласының Жас құтқарушылар мен өрт сөндіру мектептерінің командалары арасында Қазақстандағы Балалар жылына арналған жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 12-16 жастағы қатысушылары арасында жарыстар өткізеді.
Қазақстандағы балалар жылына арналған Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыстан облыстық турнирнің БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 20-21 мамырда Қазақстандағы балалар жылы аясында Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған облыстың оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сыныптары, әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, колледждердің алғашқы әскери және технологиялық дайындық курсынан өтіп жатқан 1-2
 XXIII республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінің  баспасөз хабарламасы
Балалар жылы аясында 2022 жылдың 18-19 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында, ХХIII республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңін өткізеді.
Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының  қорытынды кезеңінің АНОНСЫ
2022 жылдың 28 сәуірінде облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңі өткізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің дарынды оқушылармен кездесуінің  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстанда Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында, дарынды оқушылар мен студенттердің Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. К. Ахметовпен кездесуі өтеді. Іс-шара өңірдегі балалар жылының салтанатты бастау алуы болып табылады.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының футболдан «Былғары доп» жарыстарын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 16-19 мамыры аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының футболдан «Былғары доп» жарысы өткізіледі.
9 мамыр Жеңіс күнінің мерекесіне орай орайластырылған Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылымы-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 20-21 мамыр аралығында 9 мамыр Жеңіс күнінің мерекесіне орай орайластырылған Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирі өткізіледі (бұдан әрі – Турнир).
«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының үстел теннисінен жарыс өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 4-6 мамыр аралығында Отан қорғаушы күніне арналған Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының үстел теннисінен жарыс өткізіледі.
«Еуропалық футбол апталығы» аясында юнифайт мини-футболдан жарыс өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 27-29 сәуір аралығында Өскемен қаласында «Еуропалық футбол апталығы» аясында юнифайт мини-футболдан жарыс өткізіледі.
Қ.О. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 22 сәуірінде Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін (бұдан әрі – Олимпиада) өткізеді.
Оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінің 2021-2022 оқу жылының жалпы білім беретін пәндері бойынша БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 18-21 сәуір аралығында Өскемен және Семей қалаларында «Ustudy» орталықтары базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізеді.

бiрiншiсi 1 10 11 12 13 14 44 соңғысы