Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық мектебі (бұдан әрі – Археологиялық мектеп) 2022 жылдың 6-10 қыркүйегі аралығында Орталықтың Таулы Үлбідегі базасында өткізілетінін хабарлайды.
Археологиялық мектептің мақсаты – оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Археологиялық мектепке ШҚО жалпы білім мекемелерінің 8-10 сынып оқушыларынан (14 жас және одан жоғары) археология мен өлкетануға қызығушылық танытқан, тарих пәні бойынша олимпиадалардың және ғылыми жоба конкурсының жүлдегерлері қатыса алады.
Келу күні – 2022 жылғы 6 қыркүйек, сағ. 14.30-де (жиын орны: Спорт сарайы, Абай даң., 2).
Кету күні – 2022 жылғы 10 қыркүйек, сағ.10.00-ден бастап.
Әр аудан/қала, облыстық мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы: 3 қатысушы.
Археологиялық мектепке қатысуға өтінімдер (1-қосымша) білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен 2022 жылғы 26 тамызға дейін е-mail: priemnaya@shygysdaryn.kz мекен- жайына жіберіледі.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Қала/аудан |
Мектеп(толық атауы) |
Қатысушының әлеуметтік жағдайы |
Сыныбы |
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша ақпаратты 8(7232)700-244 нөмірінен алуға болады.