+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
М. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Мұхтар Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға» атты облыстық байқауын өткізу туралы
19 Там, 12:19

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 26-30 қыркүйегінде қазақ әдебиетін танытуға өз шығармалары арқылы үлес қосқан М. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған,  жазушының шығармашылық мұрасына жас буын оқырмандарының назарын аудару, өмірі мен әдеби шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Мұхтар Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға» атты облыстық байқауын (ары қарай - Байқау) өткізетінін хабарлайды.

Байқау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптары оқушыларының арасында өткізіледі.

Әр аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 8 оқушы (8 сынып - 2 қатысушы,  9 сынып - 2 қатысушы, 10 сынып - 2 қатысушы, 11 сынып - 2 қатысушы сынып оқушылары, қазақ және орыс тілдерінде).

Байқауға қатысу туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2022 жылдың 14 қыркүйегіне дейін келесі мекен-жайға жіберіледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚДпҚББДҒӘО, тел. 8 (7232) 70-02-44, электрондық пошта: priemnaya@shygysdaryn.kz.

 

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты

Сыныбы

  Аудан/қала

Мектептің атауы

Телефон

Қатысушының әлеуметтік жағдайы

 

 

 

 

 

 

Қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері сұраныспен қоса беріледі.