+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Іс-шаралар хабарламасы
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2026 жылдың 01 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер  Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауын өткізді.
7-11 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстарының «ДШЖСБЗ» облыстық конкурсын өткізу туралы
ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 27 қазан күні Өскемен қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстарының «ДШЖСБЗ» облыстық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін хабарлайды.
1. Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық Мектеп лигасын (бұдан әрі – Мектеп лигасы) өткізу туралы ереже 2026-2027 оқу жылында мектеп лигасы жарыстарының түрлері бойынша Республикалық регламентке сәйкес әзірленді.
1.1. Осы Ереже дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстарының «ДШЖСБЗ» (Дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеулері) облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу және қатысу тәртібін, шарттарын реттейді.
1. Осы Ереже 2-8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
Облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» онлайн конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың 15-16 қазанында оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру, талантты оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, логикалық ойлауын дамыту мақсатында 1-2, 3-4, 5-6, 7-8, 9-10 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» онлайн конкурсын (ары қарай - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
9-11 сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданы өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізетіндігін хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК -да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК (мекенжайы: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21) 2026 жылғы 1 қазаннан 24 қазанға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
«Келешек мектептері» ұлттық құрамасының турнирі – Қазақстанның барлық аймақтарынан «Келешек мектептері» желісіндегі мектептердің командаларын біріктіретін шахмат жарысы. Турнир бірнеше кезеңнен тұрады: қалалық/аудандық, облыстық, республикалық. Жоба шахмат қозғалысын дамытуға, командалық рухты нығайтуға және ел бойынша «Келешек мектептері» оқушылары арасында байланыс пен бәсекелестік үшін бірыңғай алаң құруға бағытталған.
9-10  сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘ) 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін хабарлайды.
2–8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын 2-8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) облыстық кезеңі өткізіледі.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 … 214 соңғысы