Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында «Киелі Алтайым – туған жерім» археологиялық мектебін өткізеді.
Шараны өткізудің басты мақсаты – оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Археологиялық мектеп бағдарламасы:
-
Ақбауыр кешеніне тарихи-танымдық экскурсия (Ұлан ауданы);
-
қатысушылардың Баян Өтеш ауылындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысуы;
-
С.Аманжолов ат. ШҚУ және Д. Серікбаев ат. ШҚТУ мұражайларына экскурсия;
-
Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бару;
-
Бестерек ауылындағы ғылыми-зерттеу орталығына бару (Ұлан ауданы);
-
оқыту-тәжірибелік дәріс: «Далалық құжаттарды жүргізу ережелері мен оның түрлері», археология және өлкетану бойынша шеберлік сыныптар;
-
археологиялық мектепте сабақтарды облыстың, республиканың жетекші жоғарғы ғалым-оқытушылары жүргізеді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Оқиғаларды жариялауға қызығушылық білдіретін БАҚ өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпараттар алу үшін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел.: 8/7232/70-02-44 хабарласуға болады, электрондық пошта: priemnaya@shygysdaryn.kz.