+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
«Киелі Алтайым – туған жерім» археологиялық мектебінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
24 Там, 12:11

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын»  орталығы  2022 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында «Киелі Алтайым – туған жерім» археологиялық мектебін өткізеді.

Шараны өткізудің басты мақсаты – оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Археологиялық мектеп бағдарламасы:

  • Ақбауыр кешеніне тарихи-танымдық экскурсия (Ұлан ауданы);

  • қатысушылардың Баян Өтеш ауылындағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысуы;

  • С.Аманжолов ат. ШҚУ және Д. Серікбаев ат. ШҚТУ мұражайларына экскурсия;

  • Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бару;

  • Бестерек ауылындағы ғылыми-зерттеу орталығына бару (Ұлан ауданы);

  • оқыту-тәжірибелік дәріс: «Далалық құжаттарды жүргізу ережелері мен оның түрлері», археология және өлкетану бойынша шеберлік сыныптар;

  • археологиялық мектепте сабақтарды облыстың, республиканың жетекші жоғарғы ғалым-оқытушылары жүргізеді.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Оқиғаларды жариялауға қызығушылық білдіретін БАҚ өкілдерін аталған шараға қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпараттар алу үшін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО, тел.: 8/7232/70-02-44 хабарласуға болады, электрондық пошта: priemnaya@shygysdaryn.kz.