Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 19 тамызда Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты облыстық байқауы(бұдан әрі – Байқау) өтетіндігін хабарлайды.
Байқауға облыстың жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары квотаға сәйкес қатысады (қосымша 1).
Байқаудың негізгі мақсаты жазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.
Байқауға қатысу үшін білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған (қосымша 2) сәйкес сұранысты 2022 жылдың 1 тамызына дейін ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының texno_otdel@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.