+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауын өткізу туралы
18 Авг, 14:59

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауын (ары қарай - Байқау) ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.

Байқаудың мақсаты - балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Байқаудың өткізу кезеңдері:

1) 15-25 қыркүйек аралығында аудандық/қалалық ;

2) 5-15 қазан аралығында облыстық;

3) 1-15 қараша аралығында республикалық кезеңі.

Байқауды өткізу тілі: қазақ тілі, 3-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Байқауға қатысуға қызығушылық танытқан оқушылар сілтемеде көрсетілген «Әдебиет порталы» интернет-жобасындағы ұсынылған қазақстандық және шетелдік кітаптарымен дайындала алады: 3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде»

https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/858/8582d39c6debac017cd4e3c5ae03ccd7.pdf&ln=kz;https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/1f0/1f0e1d651f684d093169ed78e11a8bbc.pdf&ln=kz

5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!»

https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/763/763980a119e303bc07bd07ac9c86588b.pdf&ln=kz;

https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/ab8/ab836b25f47bc3e78779580bb3f97bd1.pdf&ln=kz

7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды»

https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/5e1/5e13518fb629e466f3a930c56af4d672.pdf&ln=kz;   

https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/ace/aceae4949f3ab62c32017a47b7f332d8.pdf&ln=kz

9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты»

https://adebiportal.kz/kz/books/view/koshpendyler-almas-kylysh__820

https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/d7b/d7bea6d2a6c85dc0ab54d4bd5d9f48e8.pdf&ln=kz.