ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылғы 03 қазанда «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізеді (бұдан әрі - Байқау).
Байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының, облыстық мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады. Қатысушылардың жас санаты: 10-17 жас.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
Осыған орай, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп директорларының қолы қойылған Байқауға қатысу үшін өтінімдерді және электронды түрде байқау жұмыстарын tvorchestvo@shygysdaryn.kz электрондық мекенжайына 2022 жылдың 27 қыркүйегіне дейін жіберулеріңізді сұраймыз.