+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы
01 Қыр, 11:04

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы  2022 жылдың 13 қыркүйегінде «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізеді.

Фестивальге жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 8-17 жастағы оқушылары қатыса алады.

Мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Осыған орай, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған фестиваль-байқауға өтінімдерді және http://www.youtube.com каналына орналастырылған бейне материалдар сілтемелерін tvorchestvo@shygysdaryn.kz электрондық мекенжайына 2022 жылдың 6 қыркүйегіне дейін жіберу қажет.