Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 9 қыркүйегінде «Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық қашықтықтан көрме-байқауын өткізеді.
Көрме-байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.
Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Осыған орай, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған көрме-байқауға өтінімдерді tvorchestvo@shygysdaryn.kz электрондық мекенжайына 2022 жылдың 6 қыркүйегіне дейін жіберуді сұрайды.