+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
19 Там, 12:05

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының (бұдан әрі-Конкурс) облыстық кезеңі өткізіледі.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында жобаларды қорғау ереже бойынша келесі секцияларда жүргізіледі:

1. қазақ тілі мен әдебиеті;

2. орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;

3. математика, информатика;

4. физика, техника;

5. медицина, психология;

6. тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

7. биология, химия;

8. валеология, экология;

9. робототехника.

Қалалар мен аудандар бойынша білім бөлімдерінің басшылары, облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары (бұдан әрі – облыстық мектептер):

1) бірінші кезең – мектепшілік, 2022 жылдың қыркүйек айының ІІІ-ші онкүндігінде өткзсін;

2) қалалық/аудандық кезеңді 2022 жылдың 15 қазанына дейін;

3) облыстық кезеңге қатысуға 1, 2, 3, 4, 5 формаларға сәйкес толтырылған құжаттарды,  сұранысты, конкурсқа қатысушы оқушының жұмысын (электронды нұсқасын) ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығына тапсыруыңыз қажет.

Әрбір ауданнан (қаладан) облыстық кезеңге әрбір секция бойынша 4 үздік жұмыстан кем жіберілмеуі керек (2-4 сынып арасында 2 жұмыс, 5-7 сынып арасында 2 жұмыс).

Конкурсқа жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.

Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.