+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
«VALEO» интеллектуалды дамыту жиынтығын мектеп жасына дейінгі балалармен оқу үдерісінде қолдануды интеграциялау» облыстық  семинар-практикумының өту қорытындысы
2016-2019 жылдарға арналған «Дарыны мектеп» кешенді жоспарын орындау мақсатында, ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өзара әрекеттестік бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Зияткер» мектепалды дайындық сыныптарының балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының қорытындысы
Балалардың инженерлік-техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық әлеуетін, құрастырушылық және өнертапқыштық қабілеттерін анықтау мен дамыту мақсатында 2018 жылдың 14 сәуірінде облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында «Тілашар» облыстық олимпиадасы өткізілді.
Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиаданың қорытындысы
Оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау мақсатында 2018 жылдың 11-12 сәуір аралығында 9-11 сынып оқушылар арасында химия және биология пәндерінен Жәкула Күшікұлы атындағы бірінші облыстық олимиадасы өтті.
Ғарыштық зерттеулер бойынша оқушылардың «Ғылым әлемін ашамыз» XIV Халықаралық ғылыми жарыстарының қорытындысы
Ғарышкерлер күнін мерекелеу қарсаңында 2018 жылдың 4-8 сәуірі аралығында әлемдегі түңғыш және ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағының орталығы бойып саналатын Байқоңыр қаласында ғарыштық зерттеулер бойынша оқушылардың «Ғылым әлемін ашамыз» XIV Халықаралық ғылыми жарыстары өтті.
«Білім жолы» 08 Сәу, 09:51
«Білім жолы»
Білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, дарынды балаларды және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды анықтау және жанжақты қолдау, олардың шығармашылық өзін-өзі жетілуіне жәрдемдесу, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 7 сәуірінде «Білім жолы» Республикалық зияткерлік марафонының облыстық кезеңі өтті.
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімді тереңдету және жетілдіру мақсатында облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін 2018 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті.
Облыстық «Сардар» кешенді олимпиадасының қорытындысы
«Дарынды мектеп» кешенді жобасын жүзеге асыру аясында, патриотизм, гуманизм және жалпыадами құндылықтар негізінде жастардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында «Шығыс ұландары» сыныптары ашылды. Тірек мектебі ретінде дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты болды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша республикалық олимпиада – 2018 қорытындысы
Біздің облысымыздың зияткерлік элитасының жас өкілдері 2018 жылдың 23-31 наурызы аралығында Қостанай қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысты.
Бала дамуына ерте үлес қосу – болашақтағы табыс кепілі
Ғылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылықтарын дамыту, оқушылардың оқу сабақтарын оқуға қызығушылықтарын ынталандыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында 2018 жылдың 26-28 наурызы аралығында бастауыш мектеп оқушыларының «Балдырған» облыстық олимпиадасы өтті.
ШҚО командасы республикалық олимпиадада
2018 жылдың 15-20 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Атырау қаласындағы Х. Досмухамед атындағы Мемлекеттік Университетінің базасында жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
Республиканың барлық өңірлерінде 2018 жылдың 16 наурызында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың облыстық кезеңі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен өткізілді.
ШҚО оқушыларының халықаралық «Жас ғалым» ғылыми конкурсына  қатысу қорытындысы
Республика мектептерінің оқушылары 2018 жылдың 26 ақпаны-2 наурызы аралығында Азияның инновациялық, көшбасшы университетінде, жоғарғы технологиялар Орталығы – Оңтүстік Корея, Дэджон қаласының Солбридж университетінде өткізілген халықаралық «Жас ғалым» ғылыми конкурсына қатысты.

бiрiншiсi 1 71 72 73 74 75 126 соңғысы