«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 17-26 маусымы аралығында туристік экспедициялық жасақтардың «Менің Отаным – Қазақстан» облыстық слеты өткізілді. Шара балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту, туристік дағдылар мен икемділікті, экологиялық мәдениетті, оқушыларды тарих, география, Шығыс Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті жөнінде оқытып үйрету, білімдерін кеңейту, жас ұрпаққа патриоттық және азаматтық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.
Облыстық кезеңге мектепшілік және аудандық кезеңнен өткен 200 оқушы қатысты.
17-20 маусым аралығында қатысушылар үшін Қазақстандағы туризм индустриясын қалыптастыру мен дамыту бойынша лекциялар, спорттық бағдарлау, құзға шығу және топография бойынша сабақтар, алғашқы медициналық көмек көрсету мен құтқару жұмыстары бойынша нұсқаулықтар ұйымдастырылды.
Кәсіби рафтинг дағдысын жақсарту барысында, балалар Ертіс өзенімен жүзді, Өскемен қаласы маңына жаяу жорыққа шығу кезінде жаяу жорық техникасын, от жағу тәсілін, шатырлы лагерь құру мен орнату бойынша оқу-тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Командалар «Топтың визит карточкасы» конкурсы, ізденіс-зерттеу жұмыстарының «Шығыс Қазақстан облысы туристік бағытының үздік жобасы» жобалар конкурсы, «Terra Incognita» тәжірибелік-бағыттау кезеңі, «Туған өлке экологиясы» презентациясын қорғау конкурстарына қатысты.
Балалар үшін көптен күткен шара мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу бойынша экспедиция болды. 21-24 маусым аралығында Слет қатысушылары:
- Катонқарағай ауданы (Берел қорғандары; Ұлттық паркінің тәлімбағы; Марал шаруашылығы; Омарта);
- Абай, Ұлан аудандары (Баян сұлу мен Қозы Көрпеш ескерткіші; Күшікбай асуындағы бұлақ; Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы; Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдың мұражайы; Жидебай Семей тарихи-өлкетану мұражайы (Жидебай шатқалы); Еңлік-Кебек ескерткіші; Ақбауыр, Аблаинкит; Сібе көлдері;
- Күршім ауданы (Қиын Керіш шатқалы; Марқакөл қорығы; Марқакөл көлі; Мойнақ шатқалындағы петроглифтер галереясы).
Катонқарағай ауданындағы төрткүндік экспедицияда балалар археолог, Берел қорғандарын алғаш ашқан тұлға, ҚР БжҒМ А. Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Самашев Зейнолла Самашевичпен кездесті.
Экспедиция нәтижесі бойынша қатысушылар жаңа білім мен әсерлер алып өздерінің зерттеу жобалары мен презентацияларын қорғау үшін Таулы Үлбіге келді.
Олар үшін «Аралас туризм» кросс жорығы, өлкенің тарихи және мәдени нысандарын білуге арналған «Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің лабиринті» квесті және «Мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу нәтижесі бойынша экспедициясының қорытынды есебі» презентациясы ұйымдастырылды.
Облыстық слет аясында ұйымдастырылған барлық конкурстар қорытындысы бойынша туристік қатысушы жасақтар келесі нәтижелерді көрсетті:
«Топтың визит карточкасы» конкурсы
І дәрежелі дипломдармен Зайсан және Катонқарағай аудандарының командалары марапатталды.
ІІ дәрежелі: Үржар, Зырян, Аягөз аудандары;
ІІІ дәрежелі:Күршім, Бородулиха аудандары мен Семей қаласы командалары марапатталды.
«Туған өлке экологиясы» презентациясын қорғау
І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
- Сухарников Даниил – Бородулиха ауданы, Н. Островский атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;
- Нурланқызы Шолпан – Катонқарағай ауданы, Жамбыл орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен – Семейқаласы, №37 гимназияның 10 сынып оқушысы Каирбек Аяжан.
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
- Цай Иван – Курчатов қаласы, №3 орта мектептің 9 сынып оқушысы;
- Иванова Анастасия – Глубокое ауданы, №1 Белоусовка орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
- Янтер Артем – Риддер қаласы, №16 орта мектептің 7 сынып оқушысы;
- Кунанбаева Малика – Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.
«ШҚО туристік бағытының үздік жобасы» ізденіс-зерттеу жұмыстарының жобалар конкурсы
І дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
- Амандыков Мадияр – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Айтқалиұлы Алихан – Семей қаласы, дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің 9 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломдармен:
- Омарбекова Сауле – Катонқарағай ауданы, Жамбыл орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Маратұлы Азамат – Семей қаласы, №37 гимназияның 10 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
- Кален Сания – Глубокое ауданы, №1 Белоусовка орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
- Ахметова Айша – Аягөз ауданы, №1 орта мектептің 7 сынып оқушысы;
- Цай Степан – Курчатов қаласы, №3 орта мектептің 7 сынып оқушысы.
«Terra Incognita» тәжірибелік-бағыттау кезеңі
І дәрежелі дипломмен марапатталған:
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі.
ІІ дәрежелі дипломдармен:
- Зырян ауданы;
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты.
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
- Курчатов қаласы;
- Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі;
- Жарма ауданы;
- Күршім ауданы;
- Шемонаиха ауданы.
«Аралас туризм» кросс жорығы
І дәрежелі дипломмен Күршім ауданының командасы марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломдармен:
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты;
- Зырян ауданы.
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
- Аягөз ауданы;
- Жарма ауданы;
- Семей қаласы;
- Ұлан ауданы;
- Көкпекті ауданы;
«Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің лабиринті» өлкенің тарихи және мәдени нысандарын білуге арналған квест
І дәрежелі дипломмен марапатталған командалар:
- Катонқарағай ауданы;
- Глубокое ауданы.
ІІ дәрежелі дипломдармен:
- Зырян ауданы;
- Күршім ауданы;
- Бородулиха ауданы.
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты;
- Семей қаласы;
- Тарбағатай ауданы;
- Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейі.
Мәдени-тарихи құндылықтарды білуі бойынша қатысушылардың зерттеу жұмыстарын қорғауды құрамында «Жас Отан» жастар қанатының «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы, облыстың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының филология, тарих ғылымдарының кандидаттары бар қазылар алқасы бағалады.
Олар слет қатысушыларының жоғарғы дайындықтарын, облысымыздың тарихи тұлғалар, археологиялық ескерткіштері туралы терең білімдерін атап көрсетті.
«Мәден-тарихи құндылықтарды зерттеу нәтижесі бойынша экспедицияның қорытынды есебі» презентацияларды қорғау
І дәрежелі дипломмен марапатталған:
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты.
ІІ дәрежелі дипломдармен:
- Зайсан ауданы;
- Зырян ауданы;
- Аягөз ауданы.
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
- Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
- Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі;
- Семей қаласы.
Өткізілген конкурстардың қорытынды бойынша командалық есепте І дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының командасы марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломдармен:
- Зырян ауданы;
- Күршім ауданы.
ІІІ дәрежелі дипломдармен:
- Аягөз ауданы;
- Семей қаласы;
- Бородулиха ауданы;
- Өскемен қаласы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі;
- Жарма ауданы;
- Катонқарағай аудандары марапатталды.
Салтанатты жабылу рәсімінде жүлделі орын алған командалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ғылыми экспедициядан балалардың жадында жақсы естеліктер қалды. Мысалы, Күршім ауданынан Кәкеш Іңкәр: «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік слет бізге көп нәрсе үйретті. Әр күн сайын бізді қызықты жарыстар мен конкурстар күтті. Бұл слет арқасында көптеген достармен таныстым. Өскемен қаласынан бастап Катонқарағай ауданына дейін болған оқиғалардың бәрі естен кетпейді. Маған ең ұнағаны атақты археолог Зейнолла Самашевпен болған кездесу. Кездесу барысында бізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алдық. Балаларға жақсы көңіл күй мен демалыс сыйлаған «Дарын» орталығына рақмет!»,- деп ой бөлісті.
Зайсан ауданының 8 сынып оқушысы Асқар Жансаяға облыстық туристік слет біздің тарихымызбен жақын танысуға, оған қол тигізіп, біздің туған өлкеміз керемет жер екендігін ұғынуға мүмкіндік берді. «Слет басталғаннан бері көңіліміз көтеріліп, қуанып қалдық. Ертістің жағасына бардық, тауларды аралап, бой жаздық. Осы экспедиция кезінде біз өңіріміздің тамаша, тарихи және киелі орындарын өз көзімізбен көрдік. Бұл слет менің өмірімдегі ең көңілді, ең қызықты шара болды. Біз әрі демалып, әрі білімімізді арттырып үлгердік»,-дейді Жансая.
Бұл шара балаларға ұмытылмас естеліктер мен жарқын эмоциялар сыйлады деп үміттенеміз!
Барлық балаларға шығармашылық табыс пен жеңістер тілейміз!