2018 жылы 13 маусымда облыстық әкімдікте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтың дарынды балалармен дәстүрлі кездесуі өтті.
2017-2018 оқу жылын қорытындылау және жүлдегерлерді марапаттау мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық команда құрамына енген жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадаларының жүлдегерлері; республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлері; халықаралық интеллектуалды олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері; республикалық шығармашылық оқулардың жүлдегерлері және музыканттар мен орындаушылардың республикалық, халықаралық конкурстарының жүлдегерлері; республикалық және халықаралық спорт біріншіліктері мен турнирлерінің, жарыстарының жүлдегерлері шақырылды.
Сонымен бірге кездесуге республикалық, халықаралық интеллектуалды олимпиадалар мен шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегерлерін даярлаған ұстаздар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы соңғы 10 жыл көлемінде облыстың лайықты түрде абыройын айқындап, беделді халықаралық және республикалық олимпиадаларының «Қазақстан Республикасының үздік олимпиадалық командасы» құрметті атағының иегері атанып келетінін айта кету қажет. Осы жыл ерекше нәтижелі, өйткені зияткерлік жарыстың қатысушылары әртүрлі халықаралық және республикалық жарыстарда 157 медальмен қоржынды толықтырса, соның ішінде алтын -35, күміс-55 және қола-67. Оның ішінде Ресей, Оңтүстік Корея, Англия, Болгария, Швеция, Белоруссия және Нидерландысекілді елдердехалықаралық жарыстардан 38 медаль иеленді.
Кездесу дөңгелек үстел басында ашық әңгіме мен пікір алмасу түрінде өтті. Диалог кезінде жас чемпиондар мазалаған сұрақтарға жауап алып қана қоймай, өздерінің болашақ жабаларымен, идеяларымен және пікірлерімен бөлісе алды.
Дарынды оқушыларды облысымызда келешекте жаңа қуат көздерін пайдалану мәселелері, өңірдің кәсіпорындарының қатысуымен стартап-жобалар конкурсының өткізілуі, ақпараттық технологиялар саласында мамандықтардың қажеттілігі, тіпті облыс басшысына қандай кітап оқу ұнайтыны және сүйікті авторы кім болып табылатыны жайлы да қызықтырды.
Даниал Ахметов жиналған балаларға «Біз сендерді шексіз мақтан тұтамыз және келешекте де еліміздің өркендеуі үшін білім алып, жұмыс істеулерің үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз.»-деп сөз сөйледі.
Кездесу соңында облыс әкімі Д.К. Ахметов алғыс хаттар мен грамоталар, бағалы сыйлықтар тапсырды.
2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша «Жылдың ең үздік оқушысы» номинациясында Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы, республикалық олимпиаданың 3 мәрте жеңімпазы, Павлодар қаласында өткен химия пәнінен А.Б.Бектуров атындағы халықаралық олимпиаданың, Минск қаласында өткен химия пәні бойынша 52-Халықаралық Менделеев оқушылар олимпиадасының, Якутск қаласында өткен математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша 24-ші халықаралық олимпиаданың, Нидерландыда өткен IJSO юниорлық халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасының жүлдегері Көпенов Нұрлыхан облыс әкімінің атынан кубокпен, грамотамен және әкімнің арнайы сыйлығымен марапатталды.
Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицейі «Олимпиада резервінің үздік мектебі» номинациясында марапатталды. Лицей 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша «Қазақстанның 100 үздік мектебінің» ондығына енген, оқушылары 2013-2018 жыл аралығында республикалық олимпиадалар мен конкурстарда 143 медаль, халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 143 медаль иеленді, лицей түлектерінің 71-і – «Алтын белгі» иегері, 48-і – ерекше үлгідегі аттестат иегері атанған, 70 түлек – Назарбаев университетінің студенті, 2014-2018 жылдарда «Облыстың үздік олимпиадалық» командасы номинациясының иегері болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына енген оқушылар, беделді халықаралық олимпиадаларда, жарыстарда және конкурстарда Қазақстанның намысын қорғап жүрген алтын медаль иегерлері, сондай-ақ республикалық, халықаралық интеллектуалдық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың, шығармашылық конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегерлерін дайындаған педагогтар да облыс әкімінің грамотасымен, алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жазғы лагерьлерге жолдамалар берілді.
Кездесудің жарқын қорытындысы Неке сарайының салтанат залында өткізілген бал болды.
Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісе келе, көрсетілген қолдау мен жасалған жағдайлар үшін алғыс айтып, артылған үмітті ақтауға тырысатындарын білдірді.