Экономикадан, қаржыдан және бизнестен халықаралық олимпиаданың
қола жүлдегері
2018 жылы 1-6 шілдеде Астана қаласында экономикадан, қаржыдан және бизнестен халықаралық олимпиада өткізілді.
Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицей-интернаттың 11 сынып оқушысы Айтказина Диляра Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғады.
Олимпиаданың қатысушылары әрқайсысында күрделі есептерді шешкен үш турға қатысты. Бірінші турда қатысушыларға экономикадан есептерді шешу ұсынылды, екінші турда – қаржылық сауаттылықты анықтауға тестілеу және үшінші тур бизнес-кейстен тұрды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Диляра үшінші дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталды.
Балалар үшін түрлі мәдени орындарды аралау: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында ұйымдастырылған «Қазақ рухы» авторлық коллекциясының көрмесін, Астананың мәдени орталығы «Бәйтерек» Монументін, «Нұр Әлем» павильонын аралау, француз дирижері Филипп Юидің басшылығымен «Сказки Гоффмана» симфониялық оркестрінің концертін тамашалау ұйымдастырылды.
Балалар үшін ең маңызды оқиға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық орталығының ашылуына қатысу болды. Ашылу салтанатында сондай-ақ Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс, Батыс Қытай, Моңғолия және Еуропа мемлекеттерінің басшылары, сонымен қатар, халықаралық аналитикалық орталықтардың саясаткерлері мен сарапшылары қатысты.
