+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«КИЕЛІ АЛТАЙЫМ – ТУҒАН ЖЕРІМ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
10 Шіл, 15:39

  «КИЕЛІ АЛТАЙЫМ – ТУҒАН ЖЕРІМ» АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

       2018 жылдың 30 маусымы мен 6 шілдесі аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау, жас ұрпақты туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құндылықты қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу мақсатында «Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық жазғы мектептері өтті.

Шараның ұйымдастырушылары - Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.

Археологиялық мектептерге ШҚО жалпы білім мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары қатысты.

Археологиялық мектептің оқытушылар құрамына Назарбаев университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, А. Марғұлан атындығы археология институтының, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің, Ақдениз университетінің (Турция), С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлары мен докторлары енді.

 Археологиялық мектеп үш бағыт бойынша ұйымдастырылды:  Көкөзек қорғаны (Тарбағатай ауданы), Аблаинкит оқшау бекінісі (Ұлан ауданы), Көкентау таулы сілемі (Семей қаласы).

Көкөзек қорғаны (Тарбағатай ауданы): Көкөзек қорғанындағы қазба жұмыстары кезінде балалар Байгетөбе қорғанынан Қазақстан саны бойынша үшінші «Алтын адам» тапқан археолог – Абдеш Ташенович Толеубаевпен жүзбе-жүз кездесіп, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Жас археологтар №1 және №2 қорғандарда қазба жұмыстарына қатысты. Сонымен бірге балалармен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы, археолог Ринат Жуматаев бірлесе жұмыс істеді.

Мектеп аясында«Дала құжаттарының түрлеріжәне жүргізу ережелері»; «Археологиялық ескерткіш түрлері мен оқыту әдістемесі. Археологиялық кешендер мен ескерткіштерді мерзімдеу. Археологиялық қазба әдісі»; «Негізгі археологиялық түсініктер»; «Тарбағатай ауданының тарихы»; «Шығыс Қазақстанның археологиялық мәдениеті»;«Археологиялық жіктеу түрлері мен әдісі. Археологиялық түсіндіру» тақырыптары бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Сонымен бірге, балалар танымды әрі қызықты саяхат барысында мәдени – ойын-сауық шаралардың куәсі болды. Қатысушылар Тарбағатай ауданының өлкетану музейін, «Мәңгілік ел» саябағын сондай-ақ киелі мәдени-тарихи Ы. Досхан ескерткішін аралап рухани дүниетанымын кеңейтіп қайтты.

Аблаинкит оқшау бекінісі (Ұлан ауданы): Жас зерттеушілер17-ші ғасырдағы Аблаинкит оқшау бекінісінде археологиялық қазба жұмыстарына қатысты. Кәкен Ахметов орта мектебінен петроглифтер  орналасқан жердің ара қашықтығы 20 шақырымды құрады. Жартасқа салынған суреттер галерея орында А.Х. Маргулан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері, «Археологиялық экспертиза» ЖШС ғылыми аға қызметкер Казизов Ерлан Сатыбалдиевич таныстыру жұмыстарын жүргізді. Балалармен  жазғы мектеп бойы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-і «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Егоренкова Елена Николаевна жұмыс жасады. Қатысушылар Ұлан ауданының тарихы және Шығыс Қазақстанның археологиялық мәдениеті туралы дәріс тыңдады.

Көкентау таулы сілемі (Семей қаласы): Қатысушылар археологтармен Знаменка ауылындағы ғұн-сарматтық қорғанындағы көмбе орнында кездесті. Олар «Археологиялық ескерткіш түрлері мен оқыту әдістемесі. Археологиялық кешендер мен ескерткіштерді мерзімдеу» тақырыбында дәрістер тыңдады. Археологтар «Археологиялық қазба кезеңдері», «Негізгі түсініктер», «Темір ғасырының қорғандары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Археологтармен бірге қазба жұмыстарына қатысты. Х. Ш. Илиуф өлкетанушымен бірге Көкентау таулы сілеміне барып көне петроглифтармен танысты. Қатысушылар Знаменка ауылында Қарасу өзен жағасындағы №1, №2, №3 қорған орындарында қазба жұмыстарына қатысты.

Сонымен бірге балаларға археологтардың қатысуымен қорытынды конференция, тренинг, Қазақстан Республикасының Астана күніне орайластырылған мерекелік концерт, «Достық алауы» отжағу кеші, спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Археологиялық мектептен балаларда жылы естеліктер қалды. Мысалы, Үржар ауданынан Мақанова Назира: «Археологиялық мектепті ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамын. Біз көптеген қызықты мәліметтер алдық, білімімізді толықтырдық. Есте қаларлықтай әсерлі сапар болды», - деп ой бөлісті.

Археологиялық жазғы мектеп балаларға ұмытылмас естеліктер сыйлады.