+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Ағылшын тілінен халықаралық мәдени-танымдық ауысымға қатысу туралы қорытындысы
09 Шіл, 18:14

Ағылшын тілінен халықаралық мәдени-танымдық ауысымға қатысу туралы

 

Облыстың дарынды оқушылары – халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 2018 жылдың 24 маусымы мен 5 шілдесі аралығында жыл сайынғы ағылшын тілінен халықаралық мәдени-танымдық ауысымға қатысты.

Ауысым Кипр аралының тамаша және көркем бөлігі – Паралимни қаласында қажетті жағдай жасау және лингвистикалық білімді, қабілеттерді және қолда бар ағылшын тілі біліктіліктерін жетілдіруге ынталандыру, тарихи және мәдени ескерткіштермен танысу, оқушылар бойында жалпы мәдениет пен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.   

Ауысым барысында қатысушылар халықаралық деңгейдегі сол тіл өкілдерінің кәсіби педагогтарымен тілдесе отыра, өздерінің ағылшын тілінен білімдерін жақсартуға тамаша мүмкіндік жасалған сабақтарға барды.  

Ауысым аясында балалар тамаша тарихы бар Кипрдың ең танымал курорттық қаласы Айя Напаға саяхаттады. Қаланың ең басты ерекшелігі ол 16 ғасырда венециялықтармен салынған ескі монастырь. Қатысушылар көне шіркеуді аралап, жасы шамамен 500 жылды қамтитын ескі тұт ағашының жанында тілектерін айтты.

Протарас қаласында Жерорта теңізінің жағалауы балаларға белсенді демалыс, велосипедті саяхат және жылы теңіз суларында шомылуды сыйлады.

Ауысым барысында балалар жағымды эмоциялар, әсерлер мен сергектік алды.

Бұл саяхат балалар есінде әлі де ұзақ уақыт сақталатындығына үміттенеміз.