Новости
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
02 Қаз, 13:38
Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2026 жылдың 01 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауын өткізді.
2026 жылдың 16-17 қыркүйегі аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирін өткізді.
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздар мен жүлдегерлерімен кездесуі өтті. Кездесуге шақырылғандардың қатарында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Козленко Алан болды.
Ғазиз Байтасов атындағы жас жол қозғалысы инспекторларының ХХІ-ші республикалық және мемлекетаралық слетінің қорытындысы
24 Там, 09:33
С 12 по 21 августа 2026 года в г. Костанай на базе детского лагеря «Орленок», Министерством Просвещения Республики Казахстан совместно с Комитетом административной полиции Министерства внутренних дел проведен XXI республиканский и межгосударственный слет юных инспекторов дорожного движения имени Газиза Байтасова.
2026 жылдың 12-17 тамызы аралығында Стамбул қаласында (Түркия) Географиядан халықаралық (IGeO) олимпиадасы өтті.
2026 жылғы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында «Қазақстан оқушысы» 56-шы халықаралық көпкүндік веложарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен 2026 жылғы 1 шілде мен 7 тамыз аралығында облыстың 7-8 сынып оқушыларына арналған Бұқтырма су қоймасы бойымен екі күндік туристік турлар ұйымдастырылды.
2026 жылғы 2-10 шілде аралығында Саха республикасының Якутск қаласында М.А. Алексеев атындағы математика, физика, химия және информатика пәндерінен оқушылардың халықаралық «Туймаада» олимпиадасы өтті.
Жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасындағы ХХVIІ республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының қорытындысы
25 Мау, 12:27
2026 жылғы 21-24 маусым аралығында Абай облысында жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында ХХVIІ республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың өңірдің дарынды балаларымен кездесуі өтті. Кездесуге халықаралық және республикалық беделді зияткерлік олимпиадалардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары – мектеп оқушылары қатысты.
«ШЫҒЫС BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалінің Гала концертінің қорытындысы
01 Мау, 17:32
2026 жылғы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында облыста тұңғыш рет аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен «ШЫҒЫС BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалінің Гала-концерті өтті.










