Новости
Күн шұғылалы Грузия елінен жауған алтын медальдар
13 Мамыр, 03:05
2014 жылы 02-07 мамырда Грузия астанасы Тбилиси қаласында жас ғалымдар мен зерттеушілердің халықаралық олимпиадасы (IYIPO) өткізілді. Грузия оқушыларымен бірге оған Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Украина, Индонезия елдерінен жас дарындар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 26 сәуірінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.
2014 жылдың 19-28 сәуірі аралығында Ресей Федерациясындағы Мәскеу обласының Звёздный қалашығында «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасы өтті.
«Ақберен» дарындыларды анықтайды
23 Сәу, 08:27
2014 жылдың 18 сәуірі күні Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 5-10 сынып оқушылары арасында І республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Жас математиктер жетістігі
17 Сәу, 11:03
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын орталығы Халықаралық «Нұрорда» мектебімен бірлесіп оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызықтыру, емтиханның логикалық тестік жүйесіне оқушыларды бейімдеу және үйрету мақсатында аудан мектептерінің 5, 6, 7 сынып оқушылары арасында «Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиадасын өткізді.
Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиаданың бас жүлдегерлері – ректор грантының иегер оқушылары анықталды
16 Сәу, 10:50
2014 жылы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің даярлық және қабылдау бөлімімен бірлесіп 11-сынып оқушылары арасында химия, математика, физика, география және сурет пәндері бойынша Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиада..өткізді.
«Тарих – ата» білгірлері анықталды
15 Сәу, 05:06
2014 жылдың 11-13 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Щучье қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысты.
Дарынды оқушылардың Мәскеудегі абсолютті жеңісі
14 Сәу, 10:22
2014 жылы 7-11 сәуір аралығында ШҚО білім басқармасының бұйрығына сәйкес Бүкілресейлік В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстарының конкурсында облысымыздың намысын дарынды оқушыларымыз қорғап қайтты.
Робототехникадан тұңғыш конкурс өткізілді
11 Сәу, 12:17
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 24 ақпанында Өскемен қаласында облыстық робототехника конкурсын өткізді.
«Жарқын болашақтан» - жаңа белестерге
08 Сәу, 12:07
2014 жылдың 4-6 сәуірі аралығында Астана қаласында KATEV халықаралық қоғамдық қоры қазақ тілі мен әдебиетінен VІ республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізді.
Облыстың жас зерттеушілері Байқоңырды бағындырды
07 Сәу, 10:48
2014 жылы 02-06 сәуір аралығында облыс оқушыларының командасы Байқоңыр қаласында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша "Ғылым әлемін ашамыз" Х Халықаралық ғылыми жарысына қатысты.
2014 жылдың 28-29 наурыз аралығында алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында алғаш рет физика мұғалімдеріне арналған Республикалық шығармашылық сайысы болып өтті.





