+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Ұлы Абай ұрпақтары Жидебайда тағы да бас қосты
05 Қыр, 08:01

2014 жылдың 4 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында XV республикалық Абай оқуларының салтанатты ашылу Абай-Шәкәрім мемориалды кесенесінде өтті.

 Шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, Семей қаласы мен Абай ауданының әкімдіктері мен білім бөлімдері.

Абай оқуларын өткізудің негізгі мақсаттары:

- мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау;

- жалпы білім беретін ұйымдардың оқушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

- оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру болып табылады.

Республикалық Абай оқуларына Астана, Алматы қалаларынан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан  63 оқушы келді. Шығыс Қазақстан облысының атынан республикалық конкурсқа Семей қаласы, Зайсан, Аягөз, Тарбағатай және Абай аудандарының жалпы білім беретін мектептерінен 7 оқушы қатысады.

Салтанатты ашылу рәсіміне құрметті қонақтар ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы – Р.М. Баттал; педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев университетінің кафедра меңгерушісі Г.С.Курманбай; Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары – С.К.Искакова; KATEV өкілі, Өскемен қаласындағы "Нұр-Орда" мектебінің директоры Жошкун Шабан; Абай ауданы әкімінің орынбасары – М.С. Еділбаев, сондай-ақ Республикалық конкурстың қазылар алқасының құрамындағы белгілі журналистер, ғалымдар, көрнекті өнер қайраткерлері мен ақындар қатысты.

Конкурсқа қатысушылардың сайысы 2014 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 10.00-де Жидебайдағы Амфитеатрда басталады деп жоспарланған.