+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан облысы педагогтарының Республикалық педагогикалық тамыз кеңесіне қатысуы туралы
27 Там, 07:35

2014 жылы 7–8 тамызда дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп педагогтары Алматы қаласы С. Демирел атындағы университетінде «Білім берудегі инновациялық стратегиялар мемлекет, қоғам және жеке адамды дамытудың берік факторы» атты республикалық педагогикалық тамыз кеңесіне қатысып қайтты.

Шараның мақсаты – педагогтардың шығармашылық ізденісін белсендіру, дарынды балаларға білім беру сапасын арттыру мен мазмұнын жетілдіру бойынша жағдай жасауда басым бағыттарды анықтау.

Республикалық тамыз кеңесіне Шығыс Қазақстан облысынан мамандандырылған мектептердің білім қызметкерлері қатысты: облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп;дарынды балалар үшін мамандандырылған №34 мектеп-лицейі; Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп; дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу дамыта оқытудың арнайы орталық-мектеп-кешені орта мектебі; дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты;спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-интернат;облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі (Семей қ); дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты.

Секция жұмысының барысында, шығармашылық шеберханалардағы пікірталастарда педагогтар баяндамалар оқыды: И.Е. Трунова - ДБА ОММФИМ директоры («ІТ - школа» как инновационная стратегия модернизация современного образования»); Ж.М. Букенева – ОМДБАСМ директорының орынбасары («Мониторинг как инструмент качества образования в условиях школы спортивного профиля»);

И.В. Романенко – ДБА «Восток» ҒЗДОАОМК директорының орынбасары («Управление обучением в школе и развитие профессионального сетевого сообщества»).

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру саласында дарынды балалармен жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен білім беру мекемелерінің келесі қызметкерлері марапатталды:

-  Ж.Ж. Айтпаева – «Дарын» ШҚ ӨҒПО директоры;

- Б.У. Жұмақанова – Шәкәрім атындағы ДБАОҮТОММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

-  О.А. Юсупов – Семей қаласындағы ДБА ШҚО МҚТЛ химия пәнінің мұғалімі;

- А. Дидарханқызы – ДБА ШҚО АМЛИ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

-  М.К. Өмірбекова – ДБА Ш.Уәлиханов ат. «Жас Ұлан» АЕМЛИ әдіскері.

Тамыз кеңесіне қатысушылар мен қонақтар үшін ұйымдастырылған көрме аясында облыстар дарынды балалармен жұмыс жүйесін көрсететін портфолио ұсынды.

Көрме қорытындысы бойынша «Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық Дарын» орталығы республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының «Үздік көрме ұйымдастырғаны үшін» алғыс хатымен марапатталды.