+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» телевизиалық сайысы Шығыстың интеллектуалдарын анықтады
19 Қыр, 10:38

Талантты жастарды қолдау мақсатында 2014 жылдың 17 қыркүйегінде «Хабар» агенттігінің шығармашылық топ өкілдері мен Шығыс Қазақстан өңірлік – ғылыми практикалық «Дарын» орталығы облыстағы қазақ тілінде білім беретін мектептерінің 6-7, 10 - 11 сыныптары оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысының іріктеу кезеңін өткізді.

Іріктеу кезеңге: Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларынан, Глубокое, Тарбагатай,Ұлан, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті, Үржар, Зырян аудандарынан жиыны 453 оқушы қатысты.

Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына өз білімдерін жоғары деңгейде көрсеткен 65 оқушы шақырылды.

Іріктеу тобынан өткен оқушылар 2014 – 2015 оқу жылы көлемінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телевизиялық интеллектуалдық сайысына қатысады.