+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Атыраудағы поэзия күндері
19 Қыр, 10:42

2014 жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында Атырау облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу ұйымдарының оқушылары арасында V республикалық Махамбет оқулары өтті.

V республикалық Махамбет оқуларының мақсаты мен міндеттері:

- мектеп оқушылары арасында Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы және Ф. Оңғарсынованың шығармаларын насихаттау;

- жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

- оқушыларды Махамбет поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Конкурстың қорытындысы бойынша «Ел құтқарар ер едім» номинациясында Зайсан ауданы, Мұжықсу орта мектебінің 10 сынып оқушысы  Жақсылық Нұқсанұлы 3 орынды иеленді. Барлық қатысушылар сертификаттар алды.

Жүлдегерді жеңісімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға келешекте табыстар тілейміз.