+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
Новости
ШҚО командасының «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы бойынша шаңғы жарысынан Республикалық турнирдегі жеңісі
2023 жылғы 15-16 ақпанда Қостанай қаласында Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың шаңғы жарысы және қарда жүруге арналған құралмен жүгіру бойынша Республикалық турнир өтті. Турнирге еліміздің 12 өңірінен командалар қатысты.
Тоғызқұмалақтан ШҚО колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының қорытындысы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау мақсатында 2023 жылғы 16 ақпанда Өскемен қ. Өскемен құрылыс колледжінің базасында колледж студенттері арасында тоғызқұмалақтан Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Шахматан колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының қорытындысы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау мақсатында 2023 жылғы 9 ақпанда «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі (БЖК «Smart junior») базасында колледж студенттері арасында шахматтан Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Үстел теннисінен колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының қорытындысы
2023 жылғы 6-7 ақпан аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында үстел теннисінен колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Оқушылар арасындағы ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы
Пікірсайыс – балаларға талдау, жүйелік талдау дағдыларын, өз ұстанымдарын білдіру қабілетін көрсетудің бірегей мүмкіндігі. Шығыс Қазақстан облысында 4 869 оқушыны қамтитын орта және қосымша білім беру ұйымдары жанынан 301 пікірсайыс клубы жұмыс істейді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңінің соңғы күнінің қорытындысы
3 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңінің соңғы күні өтті. Кесте бойынша "Ағылшын тілі" пәнінен 277 оқушы, "Қазақ тілі мен әдебиетінен" 212 оқушы, "Құқық негіздерінен" 158 оқушы қатысты.
Қазақ күресінен колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасының қорытындысы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету, үздік студенттік командаларды анықтау, спорттағы дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау мақсатында 2023 жылғы 2 ақпанда Өскемен қ. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында колледж студенттері арасында қазақ күресінен Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңінің төртінші күнінің қорытындысы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңі жалғасуда.
Бүгін Diqital Almaty 2023 халықаралық форумы  бастау алды
Бүгін Diqital Almaty 2023 халықаралық форумы бастау алды. Аталған форумға Шығыс Қазақстан облысының атынан «Робот-дезинфектор» жобасымен Риддер қаласы №1 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Иван Гребенщиков қатысып жатыр.
«Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан өткізілген облыстық интернет-байқауының қорытындысы
Оқушыларды өлкетану және экологиялық білімге, ғылыми-зерттеу және табиғатты қорғау іс-шараларына, туған жерінің тарихи, мәдени және рухани мұраларына, кіші отанын сүюге баулу мақсатында 2023 жылдың 24-25 қаңтары аралығында тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясының қабылдануының 30 жылдығына арналған «Өлкетану сағаты: кіші Отанымыздың үлкен ашылуы» атты қашықтықтан облыстық интернет-байқауы өтті.
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысының қорытындысы
2023 жылдың 31 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңінің екінші күнінің қорытындысы
31 қаңтарда жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңінің екінші күні аяқталды.

бiрiншiсi 1 … 22 23 24 25 26 … 127 соңғысы