2023 жылдың 1-3 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Алматы қаласында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсына қатысты.
Конкурс оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасау, олардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесін және құрылымын жетілдіру мақсатында өткізілді.
Біздің облысымыздың қатысушылары «Математика», «Қолданбалы математика» және «Механика» бағыттары бойынша зерттеу жобаларын қорғады.
Халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІI-ші дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Аманғазин Еркебұлан (қолданбалы математика) марапатталды.
«Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалары конкурсында қол жеткізген ерекше жетістігі үшін» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы грамотасына дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Айбекқызы Жадыра (механика) ие болды.
«Халықаралық зерттеу жобалары конкурсының жүлдегерін дайындағаны үшін» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алғыс хатымен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының жоба жетекшісі Оразбаева Жанар Шайкеновна марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Конкурсқа қатысушыларға, олардың ұстаздары мен ата-аналарына табыстар тілейміз!


