+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Шығыс Қазақстан балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі басталды
01 Нау, 11:47

2023 жылғы 27 ақпанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің облыстық кезеңі басталды. Турнир 3 наурызға дейін жалғасады.

«Жұлдызша» турнирі дәстүрлі түрде біздің жас спортшыларымыз жүлделі орындарға ие болатын республикалық жарыстарға іріктеу үшін облыстың ең мықты командаларын жинайды. Биыл облыстық турнирге Алтай, Глубокое, Зайсан және Ұлан аудандарының, Риддер және Өскемен қалаларының 9 командасы қатысуда.

Турнирдің мақсаты балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға жаппай тарту, Шығыс Қазақстан облысында шайбалы хоккейді танымал ету, шайбалы хоккейден спорттық мамандандырылған мектептерді толтыру үшін жас талантты хоккейшілерді анықтауболып табылады.

Жарыстың ашылу салтанатына ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары А. Ақылбек: «Дене тәрбиесі – өмір бойы дене белсенділігінің негізі» екенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ойындар жеребе бойынша кіші топтарда IIHF (International Ice Hockey Federation) ережелері бойынша бірнеше күн бойы өткізіледі.

Балалар келесі дивизиондар бойынша жарысқа түседі:

 1)2009-2010 (2011) ж. т. (ұлдар);

 2) 2012-2013 (2014) ж.т. (ұлдар).

Турнир қорытындысы бойынша командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады. Жеңімпаздар сәуір айында Астана қаласында өтетін «Жұлдызша» республикалық турнирінде облысымыздың намысын қорғайтын болады.