+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Спешиал Олимпикс» қозғалысы бойынша үстел теннисінен облыстық спартакиадасының қорытындысы
02 Нау, 17:15

2023 жылдың 1 наурызында алғыс айту күніне орай Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (теннис орталығы) базасында «Спешиал Олимпикс» қозғалысының үстел теннисінен облыстық спартакиадасы өтті.

Спартакиаданың мақсаты - арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау; зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру болып табылады.

Жарысқа медициналық-әлеуметтік мекемелер (МӘМ) мен арнайы мектептердің, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің командалары қатысты.

Қатысушылардың жасы: 12-15 жас, 15-22 жас.

Спартакиада Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізілді.

Жарыстың жалпыкомандалық қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырынан көрінді:

Қыздар арасында:

12-15 жас:

І орын – Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы;

ІІ орын – Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;

ІІІ орын – Алтай қаласы «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы.

15-22 жас:

І орын – Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;

ІІ орын – Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы.

Ұлдар арасында:

12-15 жас:

І орын – Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;

ІІ орын – Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы;

ІІІ орын – Алтай қаласы «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы.

15-22 жас:

І орын – Алтай ауданы, «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-нің командасы;

ІІ орын – Өскемен қаласы, «Ақ Ниет» мектеп-интернаты» КММ-нің командасы;

ІІІ орын – Алтай қаласы «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы.

І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!