Іс-шаралар хабарламасы
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы
06 Қыр, 17:27
ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылғы 03 қазанда «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізеді (бұдан әрі - Байқау).
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 9 қыркүйегінде «Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық қашықтықтан көрме-байқауын өткізеді.
1.1. «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық қашықтықтан көрме-байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Көрме-байқау) оның мақсатын, ұйымдастыру форматын, өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауын облыстық кезеңін қашықтықтан өткізу ережесі
01 Қыр, 11:20
1.1. Осы ереже «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін (бұдан әрі фестиваль-байқау) қашықтықтан өткізу ережелерін, оның мақсатын, ұйымдастыру форматын, өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы
01 Қыр, 11:04
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 13 қыркүйегінде «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізеді.
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
31 Там, 18:02
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі.
2022 жылдың 16-23 тамызы аралығында Беларусь Республикасының Брест қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жастар арасында XI әлем чемпионаты өтті.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында «Киелі Алтайым – туған жерім» археологиялық мектебін өткізеді.
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық мектебі 2022 жылдың 6-10 қыркүйегі аралығында Орталықтың Таулы Үлбідегі базасында өткізілетінін хабарлайды.
1. Осы ереже жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін «Мұхтар Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға» атты облыстық байқауының мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қызметін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.
1. Осы Ереже «Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық мектебінің мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдауды, өткізу мен қаржыландыруды және қатысу тәртібін белгілейді.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 26-30 қыркүйегінде қазақ әдебиетін танытуға өз шығармалары арқылы үлес қосқан М. Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған, жазушының шығармашылық мұрасына жас буын оқырмандарының назарын аудару, өмірі мен әдеби шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Мұхтар Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға» атты облыстық байқауын өткізетінін хабарлайды.







