+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай жазушының шығармашылығына арналған көркемсөз оқу шебері облыстық қашықтық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
07 Ноя, 17:48

1. Жалпы ережелер

1.1. Жазушы Шерхан Мұртазаның  90 жылдық мерейтойына орай жазушының шығармашылығына арналған көркемсөз оқу шебері облыстық қашықтық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізу және қаржыландыру тәртібін, қатысуы мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.

1.2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын») ұйымдастырушылар болып табылады.

1.3. Байқаудың мақсаты - жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеу, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.

2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі –Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

 Ұйымдастыру комитеті:

  - Байқауды дайындау мен өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады;

  - Байқауға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;

  - Байқау өткізу кезінде қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;

  - іс-шаралар түрлерін, оларды өткізу түрін анықтайды;

  - Байқау қорытындысын талдайды және қорытады;

  - Байқауды дайындау, өткізу барысы мен нәтижелерін БАҚ-та жария етуді қамтамасыз етеді.

3. Байқау қатысушылары

3.1. Байқауға  жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары қатысады. Әр ауданнан, қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден жас ерекшеліктері бойынша аудандық кезеңнен жеңімпаз болған 3 оқушы қатысады.

3.2. Байқау үш жас ерекшеліктері бойынша өткізіледі:

  - кіші жас ерекшеліктері - 8 -10 жас;

  - орта жас ерекшеліктері - 11-13 жас;

  - үлкен жас ерекшеліктері -14-17 жас.

4. Байқауды ұйымдастыру тәртібі және өткізу шарттары

4.1. Байқау 2022 жылдың 29 қарашасында өткізіледі.

4.2. Қатысушы  Ш. Мұртазаның 1 (бір) шығармасын мәнерлеп жатқа оқи отырып, бейнеролик дайындайды.

  - бейнероликтің ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек;

  - фонограммаларды қолдануға тыйым салынады;

  - акустикалық ревербтің болмауы («Жаңғырық»);

  - бейнеде бөгде дыбыстар, шу, кедергі болмауы керек;

  - бейнероликте міндетті түрде қатысушының аты-жөні, оқу орнының атауы, ауданы/қаласы көрсетіледі.

  Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар комиссияға жіберілмейді.

4.3. Байқау қатысушыларының жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  - Мәнерлеп оқу өнері;

  - дикция (анық дыбыс шығару);

  - байқау тақырыбына сәйкестігі.

4.4. Байқауға білім беру бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған электронды (WORD немесе EXEL) және сканерленген нұсқада қатысу туралы өтініммен бірге (қосымша) бейнероликті және бейнероликпен бірге (қатысқан балалар санын көрсете отырып өткізілуі туралы ақпарат, әлеуметтік желідегі, сайттағы сілтемелерді, фото-видеоматериалдарды) 2022 жылдың 25 қарашасына дейін ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» орталығы tvorchestvo@shygysdaryn.kz электрондық поштасына жіберулеріңіз қажет.

5. Байқау қатысушыларын марапаттау

5.1. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.

5.2. Байқау жеңімпаздары жас ерекшеліктері бойынша І, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

6. Байқауды қаржыландыру

6.1. Байқауды қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы есебінен жүзеге асырылады.

Қосымша

 

Оқушының аты, тегі

Ауданы/қаласы

Мектебі

Сыныбы

Сілтеме