+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық білім жүйесі: білім берудің бүгіні мен болашағы» облыстық қашықтық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
07 Қар, 17:42

1. Жалпы ережелер

1.1. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық білім жүйесі: білім берудің бүгіні мен болашағы» облыстық қашықтық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізу және қаржыландыру тәртібін, қатысуы мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.

1.2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББДШҚҒӘ«Дарын») ұйымдастырушылар болып табылады.

1.3. Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеу;

- оның әдебиет әлеміне енген рухани мұрасын зерттеу;

- көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;

- оқушыларды интеллектуалды және шығармашылық даму құралы ретінде театр іс-әрекетінің әртүрлі формаларына тарту.

2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

2.1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті  (бұдан әрі –Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

 2.2. Ұйымдастыру комитеті:

- конкурсты өткізудің жалпы тәртібін айқындайды;

- тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;

- конкурстың қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;

- конкурс жұмысын бағалау критерийлерін анықтайды;

- қорытындыларды талдайды және жинақтайды.

2.3. Байқау қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын бағалайды, қорытындылайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.

2.4. Қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:

- Орындаушылық шеберлік деңгейі;

- Сахна мәдениеті;

- Төзімділік және стильге сәйкестік;

- Сахналаудың тұтастығы;

- Тест тапсырмаларындағы дұрыс сұрақтар саны.

3. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқауға облыстың жалпы білім беру мекемелерінің 7-10 сынып оқушылары қатысады. Әр ауданнан, қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден 3 оқушыдан тұратын команда қатысады.

4. Байқауға қатысу шарттары

4.1. Байқау 2022 жылдың 18 қарашасында өтеді.

4.2. Конкурсқа қатысушыларға екі тапсырма беріледі:

- сахналық инсценировка (мысалдан, шығармадан);

- А. Байтұрсыновтың өмірінен, шығармашылығынан тест тапсырмалары.

Қатысушылар бірінші тапсырманы үй жағдайында, екіншісі EKZEM NET платформасында орындайды. Сахналық инсценировкажәне тест тапсырмаларына тек команда қатысушылары (ауданнан, қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден 3 адам) қатысады.

4.3. Өтінімдер қатаң белгіленген нысан бойынша 2022 жылғы 15 қарашаға дейін қоса алғанда қабылданады.

4.4. Қатысуға өтінімдер (Қосымша 1) және сахналық инсценировканың бейнеролигі 2022 жылдың 15 қарашасына дейін tvorchestvo@shygysdaryn.kz поштасына  жіберіледі.

4.5. Белгіленген мерзімнен кеш берілген немесе толтырылған және белгіленген нысан бойынша жасалмаған өтінімдер, конкурстық жұмыстар қаралмайды.

5. Байқау жұмысқа қойылатын талаптар

5.1. Байқауға қатысушылар жалпы ұзақтығы 4 минуттан аспайтын сахналық инсценировканың бейнеролик ұсынады.

6. Марапаттау

6.1. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

6.2. Жеңімпаздың дипломында оқушыны байқауға дайындаған мұғалімнің немесе жетекшінің аты, жөні көрсетіледі.

7. Байқауды қаржыландыру

7.1. Байқауды қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы есебінен жүзеге асырылады.

Қосымша 1

 

Қатысуға өтінім нысаны

 

Қатысушының аты, тегі

Қала, аудан

Мектеп, сынып

Сахналық инсценировканың атауы

Жетекшінің аты, тегі

Байланыс телефондары

Әлеуметтік статус