+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной этап республиканского конкурса исследовательских проектов по общеобразовательным предметам
3-10 сынып оқушыларына арналған Республикалық балалар оқулары байқауының республикалық кезеңінің қорытындысы
03 Ноя, 17:54

2022 жылдың 2-3 қараша күндері Астана қаласында Аль-Фараби атындағы оқушылар сарайының базасында 3-10 сынып оқушыларына арналған «Балалар әлемі» Республикалық балалар оқулары байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Жобаның басты мақсаты – жас буынның кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру. 

Байқау екі кезеңнен тұрды: тест және эссе.

Байқаудың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Күршім ауданы,  №3 Күршім гимназиясының 10 сынып оқушысы Есманова Жанерке марапатталды. Жеңімпазға конкурсты ұйымдастырушы «Қазақстан қоғамдық даму институты» КеАҚ атынан ноутбук табыс етілді. Қатысушыларға ынталандыру мақсатында «Marwin intermodal» ЖШС дүкенінің сертификаттары берілді.

Байқау  қатысушыларын, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!