ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылғы 29 қарашада жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай жазушының шығармашылығына арналған көркемсөз оқу шебері облыстық қашықтық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.
Байқауға жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары қатысады. Әр ауданнан, қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден жас ерекшеліктері бойынша аудандық кезеңнен жеңімпаз болған 3 оқушы әр жас ерекшеліктері бойынша қатысады.
Байқаудың мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеу, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді tvorchestvo@shygysdaryn.kz электронды пошта мекенжайына 2022 жылдың 25 қарашасына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.