+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың 27-31 наурыз аралығында Өскемен қаласында 5-6 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өтеді.
«Qabilet» қызметі орналасқан жерін өзгертті
Восточно-Казахстанский научно-методический центр развития одаренности и дополнительного образования «Дарын» сообщает, что Служба «Qabilet» поменяла свое местоположение.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының облыстық олимпиадасының, 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық  бағытындағы пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылдың 14 наурызында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын, 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша жасөспірімдер олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада).
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу ашылды
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу ашылды. Биылғы олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 1 наурыз бен 30 наурыз аралығында қабылдануда. Оған тіркелу 1000bala.elumiti.kz сайтында қолжетімді. Олимпиадаға соңғы екі оқу жыл ішінде Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатыса алады.
Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында  шайбалы хоккейден «Жұлдызша»турнирінің қорытындысы
2023 жылдың 27 ақпан мен 3 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласында спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің мұз айдыны базасында Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі өтті.
«Ғарыштық робототехника» республикалық практикумының қорытындысы
Ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімдерін жетілдіру және оны тәжірибеде қолдану, дарынды оқушыларды анықтап, оларға мамандық таңдауға көмектесу мақсатында 2023 жылғы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» ҰҒПББСО обсерваториясының базасында «Ғарыштық робототехника» зертханалық практикумы өткізілді.
Республикалық семинар-кеңестің қорытындысы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігігінің «Дарын» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында Өскемен қаласындағы «Дарын» дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығының базасында «Қала сыртындағы лагерь жағдайында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.
Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XIІІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсына Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының қатысу қорытындысы
2023 жылдың 1-3 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Алматы қаласында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсына қатысты.
«Спешиал Олимпикс» қозғалысы бойынша үстел теннисінен облыстық спартакиадасының қорытындысы
2023 жылдың 1 наурызында алғыс айту күніне орай Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (теннис орталығы) базасында «Спешиал Олимпикс» қозғалысының үстел теннисінен облыстық спартакиадасы өтті.
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XIІІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсында
Бүгін Алматы қаласына Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІІ халықаралық зерттеу жобалар конкурсына 150 жас математик жиналды. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары да бар.
Шығыс Қазақстан балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі басталды
2023 жылғы 27 ақпанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің облыстық кезеңі басталды. Турнир 3 наурызға дейін жалғасады.
Шығыс Қазақстанда жас зерттеушілер мен өнертапқыштарды даярлаудың үздік дәстүрлері
Шығыс Қазақстан облысының қосымша білім беру жүйесінде 71 қосымша білім беру ұйымы бар, оның 45-і білім беру жүйесінде және 26-сы мәдениет және спорт жүйесінде жұмыс істейді.

бiрiншiсi 1 … 40 41 42 43 44 … 214 соңғысы