Іс-шаралар хабарламасы
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2014 жылдың 8 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық бейнероликтер байқауын өткізетіні жайлы хабарлайды.
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізу туралы
13 Қар, 09:13
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 11желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 5-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы
29 Қаз, 03:31
Сіздерге математика, физика, химия, биология пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының 2014 жылдың 18 қыркүйегіндегі №03-05/772 хатына сәйкес) ағымдағы жылдың 30 қазанында Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (Комсомол көшесі 43/1) өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Сіздерге 1-7 сыныптарға арналған республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының 2014 жылғы 26 тамызындағы №03-05/685 хатына сәйкес) ағымдағы жылдың 6-8 қарашасы күндері Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернаты базасында (Өскемен қаласы, Амурская көшесі 12/1) өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Дарынды оқушыларды анықтау, оқыту мен дамыту мақсатында республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы республикалық және халықаралық дәрежедегі бірқатар интеллектуалды шараларды өткізеді.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық, халықаралық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатымен жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілетінін (бұдан әрі – олимпиада) хабарлайды.
2014 жылы 19 қарашада Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мекемелердің 3-10 сынып оқушылары арасында логикадан «Асыл тас» облыстық интеллектуалдық конкурсын өткізеді.
Оn-line режимінде өткізілетін интерактивті сабақтар
10 Қаз, 09:56
Құрметті облысымыздың мектеп ұстаздары! Сіздердің назарларыңызға, жалпы білім беретін пәндерді оқыту бойынша жинақталған тәжірибені тарату мақсатында www.1sabak.kz. бөлмесінде Қазақстан Республикасының мамандандырылған мектептерінің шығармашылықпен қызмет ететін мұғалімдерінің қатысуымен on-line режимінде интерактивті сабақтар өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Президенттік олимпиаданың өткізілуі туралы
25 Қыр, 04:32
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жыл сайын 11 сынып оқушылары үшін Президенттік олимпиада (әрі қарай - Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.
Республикалық «Ақ бота» конкурсын өткізу туралы
18 Қыр, 12:04
Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін айқындау, дамыту және дарынды балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Республикалық ғылыми–практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 30 қазанында 3-10 сынып оқушылары арасында «Ақ бота» интеллектуалдық марафонын келесі пәндер бойынша өткізеді:
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының жобасы - «Алтын резерв»
18 Қыр, 10:58
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2013 жылы «Алтын резерв» жаңа жобасын енгізуді бастады.
Облыстық сурет конкурсын өткізу туралы
18 Қыр, 03:13
«Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы» идеясын іске асыру ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет өнеріндегі дарынды балаларды анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, дамыту және еңбекке белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру, еңбеккке деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында «Еңбегіміз Қазақстанның игілігіне» атты облыстық сурет конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.










