ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2014 жылдың 8 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мақтанышым – тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық бейнероликтер байқауын өткізетіні жайлы хабарлайды.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Осыған орай, аудандық/қалалық білім беру бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер іріктеу кезеңін өткізіп, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 2 үздік жұмыс жіберулері қажет.
Байқаудың өткізілу ережесі www.shygysdaryny.kz сайтында орналасқан.
Байқауға қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолымен куәландырылған өтінімді, сонымен қатар байқаудың талаптарына сай орындалған қатысушылардың жұмыстарын 2014 жылдың 5 желтоқсанына дейін жіберу керек.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Қала/аудан |
Мектеп |
Сынып |
Қатысушыны дайындаған жетекшінің аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
Өтінімдер мен жұмыстар Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайында қабылданады. Байланыс тел/факс: 700-244, 552-012, эл.адрес: vk_daryn@mail.ru