+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қазақ және ағылшын тілі пәндері мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинары туралы
11 Жел, 10:08

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2015 жылдың 4-9 қаңтар аралығында Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сулеймен Демирель университетінде қазақ және ағылшын тілдері пәні мұғалімдеріне арналған «Дарынды балаларға тілді оқытудың жаңа парадигмасы» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту, дарынды балалармен жұмыс барысында тілдерді оқыту мазмұнын жаңарту.

Семинарға келу күні – 4 қаңтар, аяқталуы – 9 қаңтар.

Семинарға қатысу туралы өтінімді 2014 жылдың 18 желтоқсанына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 700609 факсы арқылы немесе e-mail:vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет:

Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Қала/

аудан,

мектеп

Пәні, оқыту

тілі

Еңбек өтілі,

санаты

Байланыс телефоны

Қонақ үй қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

Іссапар шығыны (ұйымдастыру жарнасы – 15000 тг., тамақтану және жатын орны, барып-қайту жолы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.

Ұйымдастыру жарнасын мына есептеу шотына аудару қажет:

РГКП РНПЦ «Дарын»

РНН 600900131236

БИН 990240007434

ИИК (IBAN) KZ566010111000021443 (бюджеттен тыс)

БИК HSBKKZKX

Астана аймақтық филиал№119900

АО «ҚазақстанНарСбер Банк» Астанақ.

КБЕ16