+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізу туралы
11 Жел, 10:11

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2015 жылдың 4-9 қаңтар аралығында Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде қазақ тілінде оқытатын білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық дарындылықты жетілдіру мүмкіндіктері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – ұстаздардың педагогикалық шеберліктерінің деңгейін үздіксіз жетілдіру, олардың дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру, мектептің оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізу.

Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы – 15000 теңге, жолы, тамағы, жатын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Семинарға келу күні – 4 қаңтар, аяқталуы – 9 қаңтар.

Семинарға қатысу туралы өтінімді 2014 жылдың 18 желтоқсанына дейін төмендегі үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/ 700609 факсы арқылы немесе e-mail:vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу қажет:

Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Қала/

аудан,

    мектеп

Пәні, оқыту

тілі

Еңбек өтілі,

санаты

Байланыс телефоны

Қонақ үй қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру жарнасын мына есептеу шотына аудару қажет:

РГКП РНПЦ «Дарын»

РНН 600900131236

БИН 990240007434

ИИК (IBAN) KZ566010111000021443 (бюджеттен тыс)

БИК HSBKKZKX

Астана аймақтық филиал №119900

АО «Қазақстан НарСбер Банк» Астана қ.

КБЕ16