+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңдерін өткізу туралы
24 Қар, 10:05

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 14 қазандағы №421 "2014-2015 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың рсепубликалық олимпиадасын өткізу туралы" бұйрығына сәйкес, 2014 жылы 11-12 желтоқсанда сағат 10.00-де  9-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңдері (бұдан әрі -Олимпиада) өткізілетінін хабарлаймыз.

Олимпиада ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" РҒПО әдістемелік кеңесі дайындаған тапсырмалары бойынша екі турда өткізіледі. Осыған орай, аталған кезеңнің тапсырмалары олимпиада өткізілгенге 1 сағат уақыт қалғанда тапсырмалардың құпиялылығына және сақталуына жауапты аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының электронды поштасына жіберіледі.

Электронды мекен жайларды ағымдағы жылдың 08 желтоқсанына дейін ШҚ ӨҒП "Дарын" орталығына жіберулеріңізді сұраймыз.

Олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолымен куәландырылған өтінім мен есептерді, қазылар алқасының қолымен куәландырылған әр пән бойынша хаттамаларды  тапсыру қажет (формалар қоса беріледі).

Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға жіберілген өтінімде жаратылыстану-математикалық цикл бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында, қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында оқу тіліне қарамастан әр пән бойынша  бір үздік жұмысты ұсыну қажет.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша есептерге жауапты тұлғаны тағайындап, 15 желтоқсанға дейін барлық құжаттарды (қағаз және электронды нұсқада, Exell бағдарламасымен) Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒП "Дарын" орталығы) мекен жайына тапсыру қажет.