+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
Қ. Сәтбаев атындағы химиядан V Республикалық олимпиаданың қорытындысы
Химия – қазіргі заман өркениетінің ғылымы мен экономикасының маңызды саласы. Қазақстан үшін бұл жаратылыстанудың жай орталық ғылымы ғана емес, сонымен қатар, біздің мемлекетіміздің келешек әл-ауқатының дамуының негізі.
5-7 сынып оқушыларына арналған  «Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқуларының қорытындысы
2021 жылдың 3 желтоқсанында ШҚО оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшіру бойынша Жол картасын іске асыру аясында өткізілген 5-7 сынып оқушыларына арналған «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауына қатысты.
10-11 жастағы балалардың "4К" бойынша қабілеттерін диагностикалау қорытындысы
Тұңғыш Президент Қорының "Ел Үміті" бастамасы аясында Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың қазан айынан бастап "Qabilet"қызметі іске қосылды. Жобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры, "Елбасы академиясы" корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен іске асырылады.
5-7 сынып оқушыларына арналған  «Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқуларының аймақтық кезеңінің қорытындысы
2021 жылдың 26 қарашасында ШҚО оқушылары 5-7 сынып оқушыларына арналған «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауының үшінші кезең (аймақтық) кезеңіне қатысты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстың қалалары мен аудандарының мектеп командалары арасындағы «Мәңгілік ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсының корытындысы
Биыл еліміз үшін айтулы оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Қазақстандықтар 30 жыл бойы Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған қуатты, серпінді, заманауи мемлекет құру жолында бірлесе еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың облыстық конкурсын өткізу игі дәстүрге айналды.
Онлайн форматтағы VII Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған «Жас Ұлан» лицей оқушылары командасының жеңісі
VII республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы шығарылды. Жиын әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа нысандарын әзірлеу, өскелең ұрпақтың бойында ел азаматының жоғары патриоттық сезімдері мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Жаратылыстану- математикалық циклы пәндері бойынша XІV Президенттік олимпиада қорытындысы
ҚР БжҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 15-18 қараша аралығында Қарағанды қаласындағы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша XІV Президенттік олимпиада өткізілді.
5-8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
2021 жылдың 12 қарашасында 5-8 сынып оқушылары арасында республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Туған жердің кереметі» туристік көпсайыс табиғи бедері бойынша Шығыс Қазақстан облысының қашықтық  чемпионатының қорытындысы
2021 жылғы 8-12 қарашада «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін балалар мен жасөспірімдер спорттық туризмін дамыту және ілгерілету мақсатында туристік көпсайыс табиғи бедері бойынша «Туған жердің кереметі» атты Шығыс Қазақстан облысының қашықтық чемпионаты өтті. Жоба «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясы және «Өз жеріңді таны» жобасы аясында жүзеге асырылды.
Оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша Олимпиадалық лагерьдің  қорытындысы
Дарынды балалардың қабілеттерін қолдау және дамыту мақсатында 2021 жылдың 7-15 қарашасы аралығында «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО Таулы Үлбіде орналасқан «Дарын» орталығының базасында олимпиадалық резер мүшелеріне жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Олимпиадалық лагерь өткізілді.
Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
2021 жылдың 11 қарашасында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында онлайн режимде лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
5-7 сынып оқушыларына арналған  «Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқуларының облыстық кезеңінің қорытындысы
2021 жылдың 08 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2020-2025 оқу жылдарға арналған Оқу сауаттылығын дамытудың кешенді жоспары негізінде 5-7 сынып оқушыларына арналған «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

бiрiншiсi 1 39 40 41 42 43 126 соңғысы