+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО жас зерттеушілері «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының жеңімпаздары
11 Ақп, 14:49

2022 жылдың 9-12 ақпаны аралығында Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 2-7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы өткізілді.

Конкурс жыл сайын балалардың зерттеу қызметіне дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Дәстүрлі түрде Конкурсқа ғылымға қызығушылық танытқан еліміздің 400-ден астам жас зерттеушілері қатысты.

Конкурста Шығыс Қазақстан облысының намысын 32 оқушы (27 жоба) қорғап қайтты. Жас зерттеушілер өздерінің қызықты және бірегей тақырыптарымен байқауға лайықты түрде қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша ШҚО құрама командасының жетістіктер қоржынында: 3 - бірінші, 7 - екінші және 10 - үшінші орын бар. Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен 8 оқушы марапатталды.

 

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін, сондай-ақ ата-аналарын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!