Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 11 ақпанында жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен IV «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға облыс аудандары мен қалаларынан іріктеу айналымынан өткен 140-қа жуық оқушы қатысты.
Олимпиадаға қатысушылар Абай қарасөздері мен поэзия негізінде эссе жазу және тест сауалнамасы бойынша екі айналымда бақтарын сынады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 66 қатысушы жүлдегер атанды (I орын-8, II орын-22, III орын-36 оқушы).
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Ссылка на сертификаты участников.https://disk.yandex.kz/d/KEXrZ088a4GcfQ


