+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
«Адам және табиғат» ойын конкурсын өткізу туралы
Қазақстанның Ресеймен білім ынтымақтастығы шеңберінде республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Ресей білім академиясы Инновациялық институтымен және Новосібір оқыту орталығымен бірлесе отырып 2014 жылдың 17 сәуірінде «Адам және табиғат» (АЖТ) ойын конкурсын өткізеді.
Жас ұландықтар жеңіспен оралды!
2014 жылғы 25-28 наурыз аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі базасында жалпы білім беретін және арнаулы әскери мектеп-интернаттарының түлектері арасында «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасы өткізілді.
Облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» конкурсын өткізу туралы
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, интеллектуалды әлеуетін дамыту, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында 2014 жылы 16 сәуірде 2-4 сынып оқушылары үшін «Дүниетану», 5-10 сынып оқушылары үшін «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» сайысын өткізеді.
Экономика бойынша республикалық турнирдің жеңісімен!
2014 жылдың 27 наурызынан 30 наурызына дейiн Шығыс Қазақстан облысының мектеп оқушылары командасы экономика бойынша республикалық турнирге қатысты.
Биологиядан олимпиада өткізу туралы
Жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдауда көмек көрсету және Семей қ. Мемлекеттік медициналық университетіне дарынды балаларды шақыру мақсатында, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Семей қ. ММУ бірлесе отырып 2014 жылдың 26 сәуірінде 11 сынып оқушыларына «Биология» пәні бойынша олимпиада өткізеді.
Қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға ШҚО оқушылар командасының қатысу қорытындысы
2014 жылғы наурыздың 24-і мен 30-ы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Шымкент қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.
Республикалық семинар өткізу туралы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 16-18 сәуір аралығында Қарағанды қаласындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған облыстық дарынды балалар мектеп-интернатында мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшыларына, үш тілде оқытатын пән мұғалімдеріне арналған «Халықаралық перспективада білім беру мен оқыту» тақырыбында республикалық семинарын өткізеді.
 ШҚО оқушыларының республикалық юниорлық олимпиадасына қатысу қорытындысы
2014 жылдың 24 мен 25 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары жаратылыстану-математика пәндері бойынша ІІ республикалық юниорлық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысты.
ШҚО командасы оқушылардың республикалық олимпиадасында  ең үздік олимпиадалық команда ретінде танылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 26 қарашадағы №469 бұйрығына сәйкес 2014 жылдың 13-19 наурызы аралығында Өскемен қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы өткізілді.
Республикалық М. Мақатев оқуларының қорытындысы
2014 жылдың наурызында Алматы облысының Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «М. Мақатаев оқулары» өткізілді.
Ағылшын тілінен өңірлік «Learn English - Access the World» Олимпиадасын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан-Американдық еркін университетінің 2014 жылдың 25-26 наурызы күндері жоғары сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен өңірлік «Learn English - Access the World» Олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды.
Физика пәнінен Ғылыми мектеп
2014 жылдың 24 ақпаны мен 1 наурызы аралығында ШҚО білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде физика пәнінен Ғылыми мектеп өткізілді.

бiрiншiсi 1 177 178 179 180 181 213 соңғысы