2014 жылдың 4-5 қыркүйеккүндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында XV республикалық Абай оқулары өтеді.
Шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, Семей қаласы мен Абай ауданының білім бөлімдері.
Абай оқуларының негізгі мақсаттары:
- мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау;
- жалпы білім беретін ұйымдардың оқушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;
- оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Республикалық Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады);
- «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы;
- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).
Республикалық Абай оқуларына әр облыстан, республикалық мектеп-интернаттардан бірінші орын алған оқушылар, Астана, Алматы қалаларының Абай оқуларының жеңімпаздары қатысады.
Әр облыстан Абай оқуларының әр бөліміне бір оқушыдан және Шығыс Қазақстан облысынан дәстүрлі түрде екі команда: облыс пен Абай ауданының құрама командалары қатысады.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдары оқушыларының арасында ХV республикалық Абай оқуларын өткізу БАҒДАРЛАМАСЫ
|
№ |
Өтетін шараның мазмұны |
Уақыты, орны |
|
3 қыркүйек |
||
|
1 |
Қонақтарды Семей қаласында қарсы алу, қонақ үйге орналастыру, тамақтандыру |
6.00 – 20.00 |
|
2 |
Таңғы ас |
08.00-09.00 |
|
3 |
Семейдегі Абай мұражайына саяхат |
10.00-11.00 |
|
4 |
Биологиялық орталыққа саяхат |
11.30-12.30 |
|
5 |
Түскі ас |
13.00-14.00 |
|
6 |
Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою, мәдени-тарихи орындарға саяхат |
14.30-17.30 |
|
7 |
Кешкі ас |
18.00-19.00 |
|
4 қыркүйек |
||
|
1 |
Таңғы ас |
07.00-07.30 |
|
2 |
Семей қаласынан шығу |
07.40 |
|
3 |
Қонақтарды Абай ауданының шекарасында қарсы алу |
09.30-10.00
|
|
4 |
Бөрлідегі М.Әуезов мұражайына саяхат, театрландырылған көрініс |
10.00 -12.00 |
|
5 |
Түскі ас |
12.30-13.00 |
|
6 |
Сырт Қасқабұлақтағы Абайдың туған жеріне саяхат |
14.00-14.30 |
|
7 |
«Еңлік-Кебек» ескерткіші басындағы театрландырылған көрініс |
15.00-16.30 |
|
8 |
Үй тастағы театрландырылған көрініс |
16.40 -17.30 |
|
9 |
Жеңіл тамақ |
18.00-19.00
|
|
10 |
Абай мұражайына саяхат |
19.00-20.00 |
|
11 |
ХІIреспубликалық Абай оқуларының ашылу салтанаты |
20.00-21.00 |
|
12 |
Кешкі ас |
21.20-22.00 |
|
13 |
Қарауыл аулына келу |
22.00-23.00 |
|
5 қыркүйек |
||
|
1 |
Таңғы ас |
08.00 - 09.00 |
|
2 |
ХІIАбай оқуларының I, II номинациялары бойынша сайыс |
10.00-13.00 |
|
3 |
Түскі ас |
13.00-14.00 |
|
4 |
Сайыстың жалғасы (III номинация) |
14.30 - 16.30 |
|
5 |
Концерттік бағдарлама |
16.30 -17.30 |
|
6 |
Сайысты қорытындылау, марапаттау шаралары, сайыстың жабылуы |
17.30 - 18.30 |
|
7 |
Кешкі ас |
19.00 - 21.00 |
|
6 қыркүйек |
||
|
1 |
Таңғы ас
|
7.00 - 8.00 |
|
2 |
Абай ауданынан қонақтарды шығарып салу |
8.30 |
|
Семей қаласында қалған қонақтар үшін |
||
|
1 |
Семей қаласына келу |
8.30-11.00 |
|
2 |
Семей қаласындағы полигон құрбандарына арналған ескерткішке саяхат |
11.30-12.00 |
|
3 |
Невзоровтар мұражайына саяхат |
12.30-13.30 |
|
4 |
Түскі ас |
13.30-14.30 |
|
5 |
Семей қаласынан қонақтарды шығарып салу |
Қонақтардың қайту кестесі бойынша |
ХV республикалық Абай оқуларына қатысушылардың орындауларын ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Абайтанушы ғалымдар, жоғарғы оқу орнының ғалымдары, республикалық газет-журналдардың бас редакторлары, ақындар мен республикалық конкурстардың жеңімпаз музыканттары бағалайды.
Жүлдегерлер дипломдармен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қосымша ақпараттар алу үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8/7232/552012, 700609 телефондарына хабарласуға болады.