+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ХV республикалық Абай оқуларын өткізу туралы
27 Там, 09:13

2014 жылдың 4-5 қыркүйеккүндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында XV республикалық Абай оқулары өтеді.

Шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы, Семей қаласы мен Абай ауданының білім бөлімдері.

Абай оқуларының негізгі мақсаттары:

- мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау;

- жалпы білім беретін ұйымдардың оқушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

- оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Республикалық Абай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:

- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады);

- «Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы;

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер).

Республикалық Абай оқуларына әр облыстан, республикалық мектеп-интернаттардан бірінші орын алған оқушылар, Астана, Алматы қалаларының Абай оқуларының жеңімпаздары қатысады.

Әр облыстан Абай оқуларының әр бөліміне бір оқушыдан және Шығыс Қазақстан облысынан дәстүрлі түрде екі команда: облыс пен Абай ауданының құрама командалары қатысады.