+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
«Дарынмен» бірге жазғы демалысқа старт
2017 жылдың 16 маусымынан бастап «Дарын» базасында «Әлемді мейіріммен ашамыз» атты бірінші жазғы ауысым басталды. Облысымыздың 250 талантты, белсенді балаларын жарқыраған күн сәулесі мен таудың таза ауасы, көтеріңкі көңіл-күй мен қызықты да қанықты бағдарлама күтуде.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдығына арналған «Жеңістің жұлдызды марафоны» конкурсының қорытындысы
Жеңіс күнінен бері 70 жылдан астам уақыт өткенмен, ұрпақ жадына уақыт билігі жүрмейді. Жауынгерлердің ерлігі мен тылда жеңісті жақындатқан еңбекші халықтың ерлігі еш уақытта ұмытылмас. 2017 жылдың 20 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдығына арналған «Жеңістің жұлдызды марафоны» конкурсы болып өтті.
«Зияткер» мектепалды дайындық сыныптарының балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының қорытындысы
Балалардың инженерлік-техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық әлеуетін, конструкторлық және ойлап табу қабілеттерін анықтау мен дамыту мақсатында 2017 жылдың 19 мамырында облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында «Тілашар» облыстық олимпиадасы өткізілді.
Қазақстан тарихынан «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы
2017 жылдың 10-15 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Ақмола облысы Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 5-10 сынып оқушылары арасында өткен «Тарих ата» XІI республикалық олимпиадасына қатысып қайтты.
Шығыс Қазақстан облысының жас патриоттары – «Шығыс ұландары» сыныптарының оқушылары Өскемен қаласының бас алаңында салтанатты саппен жүріп өтті
Ұлы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеу қарсаңында, ҚР Қарулы Күштерінің 25 жыл толуына және ҚР әуе қорғанысы күштерінің қатарына қызмет етуге алғашқы әскерге шақырылушылардың құрметіне 2017 жылдың 3 мамыры күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері департаменті бірлесіп «Шығыс Ұландары» сыныптарының Парадын өткізді.
Оқушылардың экономикадан ХІІ республикалық турнирінің қорытындысы
2017 жылдың 29 сәуірінде еліміздің елордасы Астана қаласында №70 мектеп-лицей базасында оқушылардың экономикадан ХІІ республикалық турнирі өтті.
Х Халықаралық «Математика және жобалау» конкурсының қорытындысы
2017 жылдың 30 сәуірі мен 4 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының жас дарындары Мәскеу қаласы Әлеуметтік Басқару Академиясының базасында Х Халықаралық «Математика және жобалау» конкурсына қатысты.
WRO-2017 ережесінің негізіндегі робототехникадан аймақтық олимпиаданың қорытындысы
Көптеген ғасырлар бойы адамдар өмірімізді жеңілдетуге арналған механизмдер ойлап шығаруда. Адам ойының жоғары жетістігі – роботтар. 2017 жылдың 29 сәуірінде Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында WRO-2017 ережесінің негізіндегі робототехникадан олимпиаданың аймақтық кезеңі өткізілді. Олимпиада үш жас санаты бойынша өтті: 12 жасқа дейін; 13-15 жас және 16-19 жас.
ІІІ Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қорытындысы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен бірлесіп 2017 жылдың 27-30 сәуірі аралығында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатта Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиада өткізді.
«Зияткер» сыныптарының мектепалды балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиада туралы ЕРЕЖЕ
1. «Зияткер» мектепалды балаларға арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының Ережесі (әрі қарай – Олимпиада) олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырылуы мен әдістемелік қамтамасыз етуін, нәтижелерді бағалау және жеңімпаздарды анықтау, Олипиадаға қатысу тәртібін белгілейді.
«Болашақ энергиясы» тақырыбында «Балалар бастауы-2017» әлеуметтік жобалар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
2017 жылдың 22 сәуірінде 5-10-сынып оқушыларына арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбында «Балалар бастауы-2017» әлеуметтік зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауы болып өтті.
«Адам-Жер-Ғарыш» атты балалар мен жастардың оқу және ғылыми жобаларының XVIII Жалпыресейлік олимпиадасының қорытындысы
Королев қаласы тәжірибелік ғарышкерліктің негізін қалаған, көрнекті ғалым, академик – Королев Сергей Павловичтың есімін мақтанышпен алып келеді. Бұл қалада жыл сайын «Адам-Жер-Ғарыш» атты балалар мен жастардың оқу және ғылыми жобаларының Жалпыресейлік олимпиадасы өткізіледі.

бiрiншiсi 1 135 136 137 138 139 212 соңғысы