+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсын өткізу туралы Ережесі
30 Қаз, 10:18

1.     Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді. (бұдан әрі – Конкурс).

2.Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.

3. Конкурстың негізгі мақсаты тұрақтылықты, тәуелсіздікті, мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау әрекетіне белсенді және батыл, басқа мәдениет өкілдерімен конструктивті диалог құра білетін жоғары деңгейдегі өзіндік ұлттық сана-сезімі, ұлттық, патриоттық рухы бар, тарихи жадыны және әлеуметтік есті сақтайтын өскелең ұрпақты – қоғамның әлеуетті белсенді мүшелерін тәрбиелеу болып табылады.

4. Конкурстың негізгі міндеттері:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдарын оқушылардың санасына енгізу;

- Тұңғыш Президент – Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын түсіндіру және насихаттау;

- оқушылардың туған өлке топонимикасы туралы ұғымдарын нақтылау және кеңейту;

- оқушылардың бойына отандастары алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

- оқушылардың рухани-адамгершілік және эияткерлік-шығармашылық іс-әрекетін белсендіру;

- туған өлке тарихына қызығушылық танытатын қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау;

- оқушылардың шығармашылық әлеуетін және қоғамдық белсенділігін дамыту;

- оқушыларды сахналық өнерге араластыру;

- оқушылардың туған жерге, оның мәдениетіне деген тиімді және әсершіл көзқарасын біріктіру;

- Оқушылардың үздік жетістіктерін, оқу орындарының патриоттық тәрбие бойынша тәжірибелерін көрсету және насихаттау;

Конкурс өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

2       Конкурсты ұйымдастыру комитеті

5. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Конкурстың дайындығына және өткізілуіне тікелей басшылықты жүзеге асырады;

- Конкурсқа қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды,

- Конкурстың қазылар алқасының құрамын жасайды және бекітеді;

- Конкурстың қорытындысын талдайды және жалпылайды;

Конкурстың дайындығын, өткізілуін және қорытындысы БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

3. Конкурсқа қатысушылар

6. Конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің белсенді оқушылары мен көшбасшылары қатыса алады.

4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

7. Конкурс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мазмұнын, сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның тарих және мәдениет, қазақ әдебиеті, өнер бойынша бағдарламасын қамтиды.

8. Конкурс үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезең– аудандық/қалалық іріктеу (25 қазан-2 қараша, 2017 жыл)

Екінші кезең– облыстық – (30 қараша – 2 желтоқсан, 2017 жыл

Қатысшылардың келу күні 30 желтоқсан (сағ 14.00-ке дейін), қайтуы – 1 желтоқсан сағ. 15.00-ке дейін).

9. Конкурсқа қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп және Назарбаев Зияткерлік мектеп директорларымен бекітілген сұранысты 2017 жылғы 3 қарашағадейін мына мекен-жайға жіберуге болады: Өскемен қ. Абая к. 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

Сұранысқа қоса тіркеледі:

Аудан/қала, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден және Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысатын оқушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ұялы телефонының нөмірі.

10. Әр аудан/қала, дарынды баалаларға арналған мамандандырылған мектептерден және Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысатын командалардың  сандық құрамы 11 адамға дейін: 10 қатысушы және 1 жетекші.

Команданың жеке құрамы бүкіл Конкурс бойы өзгермейді.

Театрландырылған сахналық қойылымға квотадан тыс оқушылардың қатысуына Ұйымдастыру комитетімен рұқсат етіледі, тұруы және тамақтануына мүмкіндік беру ескерілмеген.

11. Конкурсқа қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұратын жеріне дейін қайтар жолындағы өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне топ жетекшісі жауапты болады.

12. Конкурсқа келіп жеткен соң, топ жетекшісі Ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

1) Конкурсқа қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сыныбы, оқу орны мен мен білім беру ұйымдарының, үйінің мекенжайы, топ жетекшісінің тегі, аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);

3) дәрігерлік анықтама (әр қатысушыға);

4) қатысушының төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі;

5. Конкурсты өткізу шарттары

13. Конкурс үш тур бойынша өтеді.

1 тур – Үй тапсырмасы – «Туған өлке – біздің бастамаларымыздың негізі» Акциясы.

Акцияны өткізу мерзімі: 6 – 13 қараша, 2017 жыл.

Акцияның өтуі жөніндегі бейнеесеп (бейнежазбада өткізілген уақыты белгіленуі қажет) CD/DVD дискісінде ұсынылады және 2017 жылдың 17 қарашасына дейін мына мекен-жайға жіберіледі:  Өскемен қ. Абая к.21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

Акция өлкетану мәселелерін анықтауға және мәселелердің бірін Конкурс қатысушыларының күшімен әзірлеп шешуге бағытталған.

Өткізілген акция жөніндегі бейнеесепті қазылар алқасы, келесі критерийлерді ескере отырып, отыз балды жүйе бойынша бағалайды:

1) Акция тақырыбына сәйкестігі;

2) Көкейкестілігі;

3) Әлеуметтік маңыздылығы;

4) Инновациялығы;

5) Серіктестік. Өткізілген Акцияға акция нысанының жауабы;

6) Ақпараттық қамтылуы;

7) Бейнетүсірілім сапасы.

Ескертпе: 2017 жылғы 6 – 13 қараша аралығында өткен акцияның бейнеесебі үй тапсырмасы аясында бағаланады.

2 тур – Командалар үшін викторина «Жауапкершіл және мықты бірегей ұлтты қалыптастыру»

Өткізу күні: 30 қараша, 2017 жыл, Өскемен қаласы.

Өткізу уақыты: 17.00-18.00 сағат.

Әр команда 10 тапсырманы (жазбаша) шешуі қажет. Тапсырмалар Елбасының 2017 жылдың 12 сәуірдегі «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының мазмұны негізінде құрылады.

Викторинаға дайындалуға пайдалану үшін:

1 Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірдегі «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы (№1 қосымша)

2 «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша әдістемелік құрал – Астана 2017. – 104 б. (№3 қосымша)

3 «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың тұжырымдамалық ықпалы – Астана, 2017. – 29 б. (№4 қосымша).

Викторина тапсырмаларын тексеру және бағалауды қазылар алқасы командалардың дұрыс жауаптарын ескере отырып, жиырма балды жүйе бойынша бағалайды.

3   тур – шығармашылық конкурс «Шығыс Қазақстан жерлерінің аңыздары, мифтері мен хикаялары» сурет салу конкурсы және татрландырылған сахналық қойылым.

Сурет салу конкурсы – жекеше қатысу.

Конкурс жұмыстарын қабылдау – 30 қараша, 2017 жыл.

Суреттер кез-келген материалда орындалады (ватман, картон, кенеп және т.б.) және сурет алудың кез-келген техникасында салынады (майлы бояу, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаштар, борлар).

Ұсынылған суреттер А4 (210Х290) форматынан кем және А3 (420Х580) артық болмауы қажет. Сурет электронды түрде де JPEG немесе GIF форматында ұсынылуы мүмкін. Конкурсқа ұсынылған бір баланың жұмысының саны 1 суреттен аспауы қажет. Суреттерге келесі ақпарат қосымша ұсынылады: Тегі, аты, әкесінің аты, аудан/қала, мектебі, сыныбы, автордың жасы.

Конкурсқа қатысушылардың суреттерін бағалау үшін қазылар алқасының жұмысы 2017 жылдың 30 қарашасынан 1 желтоқсан аралығы.

Суреттерді қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып, жиырма балды жүйемен бағалайды:

-  суреттің мазмұндылығы және шығармашылық конкурстың тақырыбына сай болуы;

-  идеяның түпнұсқалылығы;

-  шығармашылық ойлылығы;

-  жұмыстың көркемдік деңгейі.

Сурет салу конкурсындағы үздік жұмыстар жекеше номинация бойынша марапатталады

Тетрландырылған сахналық қойылым– командалық қатысу.

         Өтетін күні және орны: 1 желтоқсан, 2017 жыл, Өскемен қаласы.

Өткізетін уақыты: 09.00-16.00 сағат.

Әр команданың орындау ұзақтығы – 10 минуттан артық емес

Театрландырылған сахналық қойылым сюжеті келесі тақырыптар аясында анықталады:

 

Тақырыбы

Қала/аудан

1.                 

Алакөл туралы аңыз

Өскемен қаласындығы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

2.                 

«Үш ағайындылар» тауы туралы аңыз

Дарынды балаларға арналған          математика, физика, информатика саласындағы облыстық мамандандырылған мектеп лицейі

3.                 

Еңлік-Кебек

Абай ауданы

4.                 

Семей туралы қала аңыздары

Семей қаласы

 

5.                 

Сібенің қызыл таулары мен бес көлі туралы аңыз

Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты

 

6.                 

Матренин Соколок туралы аңыз

Риддер қаласы

7.                 

Ертісті бөгемек болған Алып Толағай және Қалба таулары туралы аңыз

Көкпекті ауданы

 

8.                 

Аблакетка кентінің шығу тарихы аңыз

Өскемен қаласы

 

9.                 

Ертіс пен Үлбі туралы аңыз

Бесқарағай ауданы

10.            

Көне Седлуха тауының құпиясы (Глубокое ауданы, Бобровка ауылы)

Глубокое ауданы

11.            

Көкжал Барақ батыр

Жарма ауданы

12.            

Күшікбай батыр асуы

( Абай ауданы)

«Восток» ДБА мамандандырылған ғылыми-зерттеу дамыта оқыту орталығы

 

 

13.            

Алқабек өзені туралы аңыз

(Ертіс өзенінің саласы)

Бородулиха ауданы

14.            

Қозының маңырауы Маңырақ тауы туралы аңыз

(Зайсан ауданы)

Зайсан ауданы

 

15.            

От жалынды джин туралы аңыз

(Зырян ауданы)

Зырян ауданы

16.            

Белуха тауы туралы аңыз

 

Катоқарағай ауданы

17.            

Бүркітші туралы аңыз

(Ұлан ауданы)

 

Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-лицей-интернаты

18.            

Ертіс өзені туралы аңыз

Курчатов қаласы

19.            

Марқакөл көлі туралы аңыз

Күршім ауданы

20.            

Жер асты Қоңыр-Әулие өзені және үңгірі туралы аңыз

Семей қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі

 

21.            

Тарбағатай ауданындағы Жыланды жотасы туралы аңыз

Тарбағатай ауданы

22.            

Сегіз батыр туралы аңыз

 

Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі

 

23.            

Аблайкит туралы аңыз

Ұлан ауданы

 

24.            

Қабанбай батыр туралы аңыз

Үржар ауданы

 

25.            

Күннің соңғы сәулесімен

(Кокпекті ауданы)

Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы облыстық мамандандырылған ерлер мектеп лицей-интернаты

 

26.            

				Мария құзы

Шемонайха ауданы

27.            

Қозы Көрпеш-Баян сұлу

 

Аягөз ауданы

28.            

 

 

 

Театрландырылған сахналық қойылымды қазылар алқасы келесі критерийлерді ескере отырып, елу балды жүйемен бағалайды:

1) Орындау уақытының шеңберін сақтау;

2) Тақырыпқа сай болуы және мазмұнының терең ашылуы;

3) Жасампаздығы (оқиғаның түпнұсқалылығы, ойдың оралымдылығы);

4)  Бейнелілігі, әртістілігі. Көрерменге эмоциялық және тәрбиелік әсер ету дәрежесі;

5) Тілдік сауаттылық, тілдік дәлдік және баяндау стилі;

6) сахналық костюмдер, реквизиттері және декорация.

Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

15. Үш тур қорытындысы бойынша барынша көп бал жинаған командалар жеңімпаз атанады.

Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасының құрамына ШҚО атқарушы органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зияткерлерінің өкілдері енеді.

16. Конкурстың жеңімпаз командалары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Қаржыландыру

17. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа) жіберуші жақ есебінен өтелсін.