+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«БАЛАПАН» ашық зияткерлік байқауын өткізу туралы
01 Қар, 07:04

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылдың 8 желтоқсанында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 4-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілеріне және жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына арналған «БАЛАПАН»  ашық зияткерлік байқауын өткізетіндігін хабарлайды.  

Байқауға қатысу балалар бойында зияткерлік қабілеттер мен шығармашылық әлеуетін ашады, дербестігін дамытады.

Байқауға барлық тілек білдірушілер алдын ала іріктеусіз қатыса алады.

Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге – грамоталар, 1 орын алған жеңімпаздарға – грамоталар мен сыйлықтар беріледі.

Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің, мектепалды мекемелердің үйлестірушілері байқауға қатысуға өтінімді және төлемақы түбіртегінің көшірмесін 2017 жылдың 4 желтоқсанына дейін Өскемен., Абай даң., 21мекенжайы бойынша; тел/факс: 8/7232/ 552-012, е-mail: vk_daryn@mail.ru төмендегі үлгі бойынша жіберуі қажет:

Аудан/

қала

Мектеп/

мектепалды мекеме

Байқау үйлестірушісінің аты-жөні (толығымен), байл.тел:

Тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу тілі бойынша саны

 

Жалпы

4-5 жас

5-6 жас

1 сынып

2 сынып

3 сынып

4 сынып

қ

о

 

 

 

 

қ

о

қ

о

қ

о

қ

о

қ

о

қ

о

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурс өткізілгеннен кейін қатысушылардың конкурстық жұмысын өткізу кезінде үйлестіруші қатысушылардың тізімін қағаз және электронды нұсқада EXCEL форматында төмендегі үлгі бойынша жіберуі шарт:

 

Қатысушының аты, тегі (толығымен)

Жасы, сыныбы

Оқу тілі

Мектеп, мектепалды мекеме

Қала\аудан

Қатысушыны дайындаған тәрбиешінің, мұғалімнің АЖТ

1

2

3

4

5

6

7

 

 

Әр қатысушы үшін Байқауға қатысу ақысы 350 теңгені құрайды. Ақшаны аудару бойынша барлық шығындар жіберушінің есебінен төленеді.

Жетім балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына байқауға қатысу тегін (тиісті құжаттарды көрсетумен).

Ұйымдастыру жарнасы қолма-қол ақшасыз төлеммен банк немесе почта бөлімшесі арқылы келесі деректемелер бойынша төленеді:

ШҚО ББ «Дарын» ШҚ ӨҒПО КҚМК
РНН 181600062103
е/ш КZ77926100119W655004
АО «Казкоммерцбанк»
БИК KZKOKZKX
БИН 990840001922, КБЕ 16
Төлемнің тағайындалуы: «Балапан» үшін ұйымдастыру жарнасы.

Байқауды өткізу бойынша материалдар мен нұсқаулықтар берілген өтінімге және төлемақы түбіртегіне сәйкес а. ж. 7 желтоқсанында сағат 14.00-ден кейін байқау үйлестірушісіне Өскемен қаласы,Абай даңғ., 21 мекенжайында (жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма: сағ. 9.00-18.00, сен., жек.- демалыс, түскі ас сағ. 13.00-14.00) беріледі.