Іс-шаралар хабарламасы
Экономикалық географиядан олимпиада өткізу туралы
28 Ақп, 06:39
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Жас ұрпақ - 2050» Қоғамдық қоры және Алматы қ. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен бірлесе отырып 2014 жылдың 15 наурызында 10-11 сынып оқушыларына экономикалық географиядан олимпиада жүргізетіндігін хабарлайды. Жеңімпаздарға «Қаржы», «Менеджмент» мамандықтары бойынша 100%, 50%, 35% грант беріледі.
«Тарих ата» қашықтық олимпиадасын өткізу туралы
21 Ақп, 12:10
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын 5-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.
Облыстық «Робототехника» байқауы
21 Ақп, 11:11
2014 жылдың 28 ақпаны күні өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Робототехника» республикалық байқауды өткізудің облыстық кезеңінің өтетіндігі жайлы жариялайды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 20-30 наурыз аралығында Алматы облысының Қаскелең қаласындағы Сулеймен Демирель университетінің базасында қазақ және ағылшын тілдері пәні мұғалімдеріне арналған «Дарынды балаларға тілді оқытудың жаңа парадигмасы» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
«Кенгуру – математика барлығына» халықаралық
19 Ақп, 11:10
2014 жылдың 18 наурызында оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту және дарынды балаларды анықтау мақсатында республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы 3-10 сыныптар аралығында «Кенгуру – математика барлығына» халықаралық ойын конкурсын өткізеді. Конкурсқа қатысу ерікті түрде ақылы (500 теңге).
Республикалық «Журналист болғым келеді» және «География – менің таңдауым» байқаулары туралы
19 Ақп, 10:44
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасымен бірге Қазақстан колледждерінің студенттері мен мектептерінің оқушылары арасында республикалық «Журналист болғым келеді» атты үздік шығармалар байқауы мен «География – менің таңдауым» атты үздік ғылыми жұмыстар байқауын өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 13-14 ақпаны аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінің базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары мен алғашқы әскери дайындық мұғалімдері, Қазақстанның және жақын шет елдердің әскери кадет мектептердің өкілдеріне арналған халықаралық семинар-к
Халықаралық «Алтын жабағы» ойын конкурсын өткізу туралы
21 Қаң, 09:57
Қазақстан мен Ресейдің білім берудегі ынтымақтастығы аясында, оқушыларды әлемдік және қоғамдық тарихқа баулу, білім көздерімен өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатымен Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылы 21-24 ақпан аралығында «Алтын жабағы» конкурсын өткізеді. Конкурс ерікті түрде демеушілердің немесе қатысушылардың есебінен ақылы (500 теңге).
Қазақ тілі және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізу туралы
20 Қаң, 08:50
Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық орталығымен бірлесе отырып, дарынды оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталадыру мақсатында РҒПО «Дарын» кубогына қазақ тілі және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиада өткізетіндігі жайлы хабарлаймыз.
«Astana Piano Passion» IІ–ші Халықаралық жас пианистердің фестиваль – байқауын өткізу туралы
14 Қаң, 10:47
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Астана қаласында «Astana Piano Passion» IІ–ші Халықаралық жас пианистердің фестиваль – байқауы өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Командалық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы
14 Қаң, 10:36
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық орталығымен бірлесе отырып, дарынды оқушыларды анықтау және оларды қолдау, зияткерлік сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында қашықтан командалық олимпиадалар өткізетіндігі туралы хабарлаймыз. Олимпиаданың нәтижелері ортақ мектеп рейтингінде есептеледі және басты жүлде «Дарын» РҒПО кубогымен марапатталады.
Мектеп оқушылары арасында зияткерлік меншік бойынша Халықаралық олимпиаданың екінші іріктеу кезеңін өткізетіндігі туралы
13 Қаң, 06:34
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы жас ұрпақтың шығармашылық зейінін дамытуға, зияткерлік және құқықтық сауаттылығын артыруға, сонымен қатар талантты балаларды анықтау мақсатында Ресей мемлекеттік зияткерлік меншігі академиясы ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының қолдауымен 14-18 жастағы мектеп оқушылары арасында зияткерлік меншік бойынша Халықаралық олимпиаданың екінші іріктеу кезеңін өткізетіндігі туралы хабарлайды.










