+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қ. Бітібаева атындағы Халықаралық олимпиаданы өткізу туралы
07 Апр, 10:54

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын іске асыра отырып, көптілділікті дамыту, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, халықтар достығын нығайтуға, мәдениаралық байланыс жасауға ықпал ету мақсатында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы 2014 жылдың 04-07 мамырында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы Халықаралық олимпиада өткізеді.

Халықаралық олимпиада 2 кезеңде өтеді:

1-кезең – жазбаша – еркін тақырыптағы шығарма;

2-кезең – ауызша – қазақ әдебиеті шығармаларын білуі бойынша.

Олимпиада алыс және жақын шетел мектептерінің оқушылары үшін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде және Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің  оқушылары үшін қазақ тілінде жүргізіледі.

Халықаралық олимпиадаға квотаға сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары – қазақ тілі мен әдебиетінен олимпиадалардың аудандық (қалалық), республикалық және халықаралық кезеңдерінің жеңімпаздары, сондай-ақ, қазақ әдебиеті мен тілінен әртүрлі олимпиадалар бойынша жетістіктері бар алыс және жақын шет елдер мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға қатысу квотасы:

Оқушының мәртебесі

9 сынып

10 сынып

11 сынып

 

қаз.

орыс.

қаз.

орыс.

қаз.

орыс.

ШҚО қалалары (аудандары)

1

1

1

1

1

1

ШҚО қазақ тілінде білім беретін мамандандырылған мектептер

1

 

1

 

1

 

ШҚО орыс тілінде білім беретін мамандандырылған мектептер

 

1

 

1

 

1

Қазақстан Республикасының басқа облыстары

1

1

1

1

1

1

Алыс және жақын шетел мемлекеттері

1

 

1

 

1

 

                   

Халықаралық олимпиадаға қатысушылар өзімен бірге туу туралы куәлігін, жеке куәлік немесе паспортын, медициналық анықтамасын (оқушылардың эпидимиогиялық ортасы туралы анықтама) ала келулері қажет.

Олимпиаданың өткізілу ережесі  http://www.shygysdaryny.kz. сайтында орналастырылған.

Өтінімдерді 2014 жылдың 19 сәуіріне дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына vk_daryn@mail.ru электронды мекен-жайына немесе  келесі телефон/факсқа жіберулеріңізге болады: 8 /7232/ 55-20-12, 8/7232/700-244.

Өтінім формасы:

Оқушының аты, тегі (паспорт, жеке куәлік немесе туу туралы куәлік бойынша)

Оқу орны (мемлекет, қала/аудан мектеп )

Сынып

Оқу тілі

Мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты (құжат бойынша), еңбек өтілі, санаты